РАУШАНТӘЖ (католик тасбих дұғасы)

РАУШАНТӘЖ – КАТОЛИК ТАСБИХЫ

Айқыш белгісін жасап,

+ Әке, Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин

деп айтылады.

Бастапқы дұға: 

Уа, Тәңіріміз Иса Мәсіх! Мен осы қасиетті раушантәжін Сенің атыңды мадақтауына және Аса Пәк Анаңның құрметіне бағыштаймын, сондай-ақ жандардың құтқаруына арнаймын. 

Содан кейін Елшілік Сенім Нышаны (Symbolum Apostolorum)оқытылады: 

Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына сенемін, * және Оның жалғыз Ұлы * Тәңіріміз Иса Мәсіхке сенемін: * Ол Киелі Рухтан ұрықталған, * Мәриям Бикеш арқылы туылған, * Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленді, * өлді және көмілді; * тозаққа түсті; * үшінші күні Ол өлімнен қайта тірілді; * аспанға көтерілді * және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр: * ол жақтан Ол тірілер мен өлілерді соттауға келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Кілесесіне, * әулиелердің қатысуына, * күнәлардың кешірілуіне, * тәннің тірілуіне * және мәңгілік өмірге де сенемін. * Аумин.

Тәңірдің дұғасы (Pater noster) бір рет оқытылады:

Аспандағы Әкеміз, * Сенің атың қасиеттелсін, * Патшалығың келсін; * Сенің еркің аспандағыдай * жер бетінде де орындалсын. / Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр; * бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей, * біздің қарызымызды да кешіре гөр; * азғырылуымызға жол бермей, * бізді жамандықтан сақтай гөр. * Аумин.

Содан соң Періштенің  сәлемдесуі (Ave Maria) үш рет оқытылады:

Сәлемет бол, Мәриям, берекеге толы, * Тәңір Сенімен бірге; * әйелдердің арасында баталысың * және құрсағыңның ұрығы Иса да баталы. / Әулие Мәриям, Құдай Анасы, * біз күнәкарлар үшін * қазір де және ажалымызда да дұға ете гөр. * Аумин.

Содан кейін:

Әр үлкен моншақта – Тәңірдің дұғасы (Pater noster)(1 рет) 

Әр кішкентай моншақта – Періштенің сәлемдесуі (Ave Maria) (10 рет)

Әр 10 Періштенің сәлемдесуі (Ave Maria) дұғасынан кейін Киелі Үштікке мадағы (Gloria Patri) оқытылады: 

Әке, Ұл * және Киелі Рух басында болғандай, қазір де, әркашан да * және мәңгі де дәріптелсін. * Аумин.

Сосын:

Уа, күнәсіз ұрықталған Мәриям, / Саған сүйенген біз үшін дұға ете гөр.

Уа, Исам, / күнәларімізді кешіре гөр, * тозақ отынан сақтай гөр * және барлық жандарды да, * әсіресе Сенің мейірімділігіңе * ең қажетсінетінлерді де Аспанға жеткізе гөр.

деп айтылады.

Келесі ретте, әр ондық Тәңірдің дұғасымен басталады да, содан кейін Періштенің сәлемдесуы дұғасы 10 рет оқытылатын дұғамен жалғастырады.

Соңында осындай дұға айтылады (Sub tuum praesidium):

Сенің қорғанышыңа сүйенеміз, уа, Киелі Құдай Анасы. * Зар заман жалынышымызды елемей гөр, * алайда барлық қауіп-қатерімізден бізді әрқашан сақтай гөр, * уа, даңқты және баталы Бикеш. * Уа, Ханшайымыз, * Қорғаушымыз, * Қолдаушымыз, * Жұбатушымыз. * Ұлыңмен бізді татуластыра гөр. * Ұлыңа бізді табыстай гөр. * Ұлыңа бізді тапсыра гөр.

Немесе (Salve Regina):

Сәлемет бол, Патшайым, Мейірімділіктің Анасы,
Сәлемет бол, Өміріміз, Рақатымыз және Үмітіміз.
Біз, Хауаның қуылған балаларымыз, Сені шақырамыз,
Саған күрсінеміз, бұл зарлы аңғарда
ыңыранамыз да жыламыз.
Сондықтан, уа, Қорғаушымыз,
мейірімді көздеріңді бізге көрсете гөр,
және осы құғынымыздан кейін
Исаны – құрсағыңның баталы Ұрығы – бізге көрсете гөр.
О, жуас, о, сүйікті, о, ізгі Мәриям Бикеш.

Немесе Мәриям Бикеш арналған басқа антифондары айтылады.

Қалауынша, Құдай Анасына арналған Литанияны (Лорето Литаниясы) аяғында айтуға болады. 

РАУШАНТӘЖ ҚҰПИЯЛАР

I-бөлім. Қуанарлық құпиялар (дүйсенбі, сенбі):

1. Періштенің хабарлануы (Лұқ 1:26-38);
2. Мəриямның Елізабетке келуі (Лұқ 1:39-45);
3. Иса Мəсіхтің Туылуы (Лұқ 2:1-19);
4. Иса Мəсіхті ғибадатханаға алып келу (Лұқ 2:22-35);
5. Он екі жасар Исаның Жерісәлем ғибадатханасында табылуы (Лұқ 2:42-51).

II-бөлім. Жарық құпиялар (бейсенбі):

1. Исаның Шомылдыруы (Мат 3);
2. Ғалилеялық Қанадағы Иса жасаған бірінші керемет (Жох 2:1-11);
3. Исаның Ізгі Хабарды уағыздауы (Мат 5:1-16, 7:24-29);
4. Табор тауындағы Исаның Шырайландыруы (Мат 17:1-13)
5. Еухаристияның орнатуы (Жох 13:1-5, 12-17; Мат 26:26-30).

III-бөлім. Қайғылы құпиялар (сейсенбі, жұма):

1. Гетсиман бағындағы Исаның мінәжаты (Мат 26:36-44);
2. Исаның қамшылануы (Лұқ 23:13-23; Жох 19:1);
3. Исаның басына тікенді тəж кигізу (Жох 19:2-11, 14b-15a);
4. Айқыш Ағаш жолы (Лұқ 23:26-28, 32-38);
5. Иса Мəсіхтің Айқышқа шегеленуі (Жох 19:23-27; Лұқ 23:44-49).

IV-бөлім. Даңқты құпиялар (жексенбі, сәрсенбі):

1. Иса Мəсіхтің Қайта Тірілуі (Мат 28:1-10);
2. Иса Мəсіхтің Аспанға көтерілуі (Мат 28:16-20; Елш 1:8-9);
3. Киелі Рухтың қонуы (Елш 2:1-4);
4. Мəриямның Аспанға алынуы (Жох 14:1-4, 6b);
5. Мəриямді Аспан Патшылығының тəжі кигізу (Еф 1:3-10).

Бүктемехатымызды қараңыз