Қысқаша катехизис (сенім негіздері)

БАСТЫ ДІН АҚИҚАТТАРЫ
1. Бір Құдай бар.
2. Құдай – әділ: жақсылық үшін марапаттайды, жамандық үшін жазалайды.
3. Құдай үш өңде бірыңғай: Құдай Әке, Құдай Ұл, Құдай Киелі Рух.
4. Құдай Ұлы адам түрінде келді және бізді құтқару үшін айқышта өлді.
5. Адамның жаны өлмес.
6. Құтқару үшін Құдайдың шапағаты қажет.

СҮЙІСПЕНШІЛІК ӨСИЕТТЕРІ
Сенім ғана адамды құтқармайды: «Игі іс-әрекетсіз сенім пайдасыз» (Жақ 2:20). Сол үшін Інжілді күн-сайынғы өмірге енгізу қажет.
Иса Мәсіх, Құдай Ұлы, Өз туралы айтты: «Жол, шындық және өмір – Менмін» (Жох 14:6). Дәл Иса біздің басты Ұстазымыз, Қасиеткеріміз және Кілесеміздің іргетасы. Ол Өз орнатылған Кілеседе тұруды жалғастырады да әсер етеді, Ол – «Кілесенің денесінің басы», ал біз – мүшелеріміз.
Парызшылардың қай өсиет ең басты сұрағына Иса осылай жауап береді: «Барлық өсиеттердің ең бастысы – Құдайды және жақынды сүю өсиеті».

1. Құдай Тәңіріңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй.
2. Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй.

ҚҰДАЙДЫҢ ОН ӨСИЕТ
* Екі сүйіспеншіліктің негізгі өсиеті кеңейтілген түрде Он өсиетте (Декалогта) көрсеткен:
1.* Мен сенің Тәңіріңмін, Құдайыңмын: менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын.
2.* Құдай Тәңіріңнің атын орынсыз аузыңа алма.
3. Демалыс күнін Тәңірге бағыштауды есіңде сақтайтын бол.
4. Ата-анаңды сыйла.
5. Өлтірме.
6. Ойнас жасама.
7. Ұрлық жасама.
8. Ешкімді бекерге айыптама.
9. Жақынның әйеліне сұқтанба.
10. Жақынның мүлегіне сұқтанба.

ІНЖІЛ ШАТТЫҚТАРЫ
Рухы жарлылар бақытты, өйткені Аспан Патшалығы солардікі.
Жылағандар бақытты, өйткені олар жұбанатын болады.
Кішіпейілділер бақытты, өйткені олар жерді мұраға алады.
Шындыққа ашығып, шөлдегендер бақытты, өйткені олар тойынатын болады.
Мейірімділер бақытты, өйткені олар кешірлетін болады.
Жүрегі тазалар бақытты, өйткені олар Құдайды көреді.
Татуластырушылар бақытты, өйткені олар Құдайдың ұлдары деп аталатын болады.
Шындық үшін қудаланғандар бақытты, өйткені Аспан Патшалығы солардікі.
Сендерді Мен үшін қорлап, қудалап және әр түрлі жала жауып жамандаса, сендер бақыттысыңдар! Қуаныңдар және шаттаныңдар, өйткені аспанда сендердің сыйларың орасан зор!
(Мат 5:3-12)

ДЕНЕ ҮШІН ИГІ ІСТЕРІ
1. Ашыққан адамды тамақтандыру.
2. Шөлдегендердің сусынын қандыру.
3. Жалаңаш адамды киіндіру.
4. Жолаушыларды үйге қабылдау.
5. Тұтқындарға кіріп шығу.
6. Науқастың халын біліп шығу.
7. Марқұмды көму.

ЖАН ҮШІН ИГІ ІСТЕРІ
1. Күнәкарды жалған жолынан салу.
2. Танымсыз болғаны үйрету.
3. Күмәншіл адамға кеңес беру.
4. Азалы жанды жұбату.
5. Зәбір шеккенде сабырлы болу.
6. Қорлауды шын жүректен кешіру.
7. Тірілер мен өлілер үшін дұға ету.

НЕГІЗГІ ИГІ ІСТЕР
1. Дұға ету.
2. Ораза тұту.
3. Қайыр беру.

КІЛЕСЕНІҢ ЖЕТІ ҚҰПИЯШЫЛДЫҒЫ 
1. Шомылдыру (немесе Баутыс);
2. Нығайту (немесе Конфирмация);
3. Еухаристия (немесе Киелі Қатынасу);
4. Тәубе ( немесе Өкіну);
5. Науқастарға Мажағу;
6. Қасиеткершілік (немесе Дін Қызметшілігі);
7. Неке (Некелесу).

ҮШ ҚҰДАЙЛЫҚ ПӘДІЛЕТ
1. Сенім.
2. Үміт.
3. Сүйіспеншілік.

ТӨРТ НЕГІЗГІ ПӘДІЛЕТ
1. Ақылдылық.
2. Әділдік.
3. Тартыну.
4. Батылдық.

КИЕЛІ РУХТЫҢ СЫЙЛАРЫ

1. Даналық.
2. Ақыл.
3. Кеңес.
4. Беріктік.
5. Жүргізу.
6. Тақуалық.
7. Қастерлі қорғаныш.

ЖЕТІ НЕГІЗГІ КҮНӘ

1. Көкірекшіл.
2. Бақылдық.
3. Ойнас.
4. Бақкүндестік.
5. Қомағайлық.
6. Ашу.
7. Жалқаулық.

АДАМГЕРШІЛІК ИГІ ІСТЕРІ, ЖЕТІ НЕГІЗГІ КҮНӘҒА ҚАРАМА-ҚАРСЫ.

1. Бойсұну.
2. Жер игіліктерден безу.
3. Пәктік.
4. Рақымдылық.
5. Ұстамдылық.
6. Сабыр.
7. Бейнетқорлық.

КИЕЛІ РУХҚА ҚАРСЫ КҮНӘЛАР

Құдайдың шапағатына әрдайым қарсыласуы және ауыр күнәларды жасауы адамдың инабаты сезімсіз болуына жеткізеді және күнә сезімнің жоқ болуына әкеледі. Сондай әрекеттер Киелі Рухқа қарсы қылықтар әлде күнәлар болып аталады. “Сендерге адамдарға барлық күнә мен тіл тигізу кешірілетінін, ал Рухқа тіл тигізу адамдарға кешірілмейтінін айтамын” (Мат 12:31).

1. Күнә жасап, Құдай мейірімділігіне әдепсіз сену.
2. Құдай мейірімділігінен торығу әлде күмәндану.
3. Білген мәсіхшілік ақиқатына қарсыласу.
4. Жақынға берген Құдайдың шапағатына сұқтану.
5. Өкінішті өлім кейінге қалдыру.

ЖАҚЫНҒА ҚАРСЫ КҮНӘЛАР

1. Күнә жасауға иландыру.
2. Күнә жасауға бұйыру.
3. Күнә жасауға ерік беру.
4. Күнә жасауға түрткі болу.
5. Біреудің күнәні мақтау.
6. Біреудің күнәге енжарлану.
7. Күнәға қарсы тұру.
8. Күнә жасауға көмектесу.
9. Біреудің күнәсін ақтау.

АСПАН ЖАЗАСЫНА ЖАТАТЫН КҮНӘЛАР

1. Саналы және залым кісі өлтірушілік.
2. Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы күнә (гомосексуализм).
3. Кедейлерді, жесір әйелдерді және жетімдерді азарлау.
4. Орындалған енбеқ үшін төлемнен айыру.

ЖАҚСЫ ТӘУБЕНІҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ

1. Ар сынау.
2. Жасалған күнәге шын өкініш.
3. Дұрысталуға берік ниет.
4. Ақкөңіл тәубе ету.
5. Құдай мен жақындарды қанағаттандырып, өтеу.

ӘР АДАМДЫ ТОСЫЛАТЫН СОҢҒЫ ІСТЕР

1. Өлім.
2. Құдайдың әділ соты.
3. Мәңгілік Аспан немесе мәңгілік тозақ.

КІЛЕСЕНІҢ ӨСИЕТТЕРІ

1. Киелі Мессаға қатыс және жексенбі күні мен басқа мейрам күндерде еңбегінен бос бол.
2. Ең аз дегенде жылда бір рет Тәубеге бар.
3. Ең аз дегенде, жылда бір рет, Пәсіх кезеңінде, Еухаристия құпияшылдығын қабылда.
4. Кілесенен белгіленген ет тамақтан тартыну және ораза мезгілдерді сақта.
5. Кілесенің қажеттіліктерде демеп жүр.