ҚҰДАЙДЫҢ МЕЙІРІМДІЛІГІНЕ АЙТЫЛАТЫН ТӘЖ

Айқыш белгісін жасап,

Әке, Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин

деп айтылады.

Тәңірдің дұғасы бір рет оқытылады:

Аспандағы Әкеміз,

Сенің атың қасиеттелсін;

Патшалығың келсін;

Сенің еркің аспандағыдай жер бетінде де орындалсын.

Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;

бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,

біздің қарызымызды да кешіре гөр;

азғырылуымызға жол бермей,

бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.

Содан соң  Періштенің  сәлемдесуы  бір рет оқытылады:

Сәлемет бол, Мәриям, берекеге толы,

Тәңір Сенімен бірге;

әйелдердің арасында баталысың

және құрсағыңның ұрығы Иса да баталы.

Әулие Мәриям, Құдай Анасы,

біз, күнәкарлар үшін, қазір де және ажалымызда да дұға ете гөр. Аумин.

Содан кейін Сенім нышаны оқытылады:

Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына сенемін, * және Оның жалғыз Ұлы * Тәңіріміз Иса Мәсіхке сенемін: * Ол Киелі Рухтан ұрықталған, * Мәриям Бикеш арқылы туылған, * Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленді, * өлді және көмілді; * тозаққа түсті; * үшінші күні Ол өлімнен қайта тірілді; * аспанға көтерілді * және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр: * ол жақтан Ол тірілер мен өлілерді соттауға келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Кілесесіне, * әулиелердің қатысуына, * күнәлардың кешірілуіне, * тәннің тірілуіне * және мәңгілік өмірге де сенемін. * Аумин.

Әр үлкен моншақта (1 рет):

℣: Уа, Мәңгі Әке, сүйікті Ұлыңның, біздің Тәңіріміз Иса Мәсіхтің Тәні мен Қанын, Жаны мен Құдайлығын

℟: Біздің және бүкіл  әлемнің күнәларынды кешіру үшін Саған әкелемін.

Әр кейінгі кішкентай моншақта (10 рет):

℣: Оның ауыр азабы үшін

℟: Бізге және бүкіл әлемге рақым ете гөр.

оқытылады.

Келесі ретте, әр ондық Уа, Мәңгі Әке үндеуімен басталады да, содан кейін 10 рет оқытылатын Оның ауыр азабы үшін үндеуімен жалғастырады, т.б.

Тәжінің аяқталғанда (3 рет):

℣: Киелі Құдай, Киелі Қуатты, Киелі Өлмес,

℟: Бізге және бүкіл әлемге рақым ете гөр.

деп айтылады.

Уа, Исаның қадалған Жүрегінен ағып кеткен Қан мен Су – 

бізге қайырымдылық беретін көзі, – үміттенемін саған. 

Соңында (3 рет):

ИСА, ҮМІТТЕНЕМІН САҒАН!

Бүктемехатымызды қараңыз