Әнұрандар

 

 

 

 

ҰЛЫ ТАҒАТ

әнұрандары

ҚАСИЕТТІ АЙҚЫШ

 

 

Осы Қасиетті Айқыш

Бар ағаштардан қымбатты.

Киелі Құрбан Қозы

Мұнда аса азапталды.

 

Айқыш ағашта қиналдың,

Киелі қаныңды төктің.

Бізді күнәдан тазартып,

Жаңа өмірді сыйладың.

 

О, ғажап Құтқарушымсың,

Біз үшін жаныңды қидың,

Сенің өшпейтін нұрыңмен

Отанымызға жеткізші.

 

 

 

САҒАН ТАБЫНАМЫЗ,  МӘСІХ

 

Саған табынамыз, Мәсіх,

 

Сені мадақтаймыз мәңгі,

Осы Айқыш ағашпен

Ақтап алдың бізді.

 

Adoremus te Christe

Benedicimus tibi,

Quia per crucem tuam

Redemisti mundum.

 

 

 

ИСАНЫҢ АЙҚЫШЫ

 

Исаның Айқышы мәңгі даңқты,

 

Өлімге қарсы келген, ұлы,

Мұнда Құдай, әлемнің Иесі,

Жер тағдырынды аяқтады.

 

Исаның Айқышы мәңгі даңқты,

Қайғырушылардың зор жұбанышы,

Айқыш ағашта түгілген Қаны –

Кінәларіміздің өтеуі.

 

Исаның Айқышы мәңгі даңқты,

Жеңіс болып адамзатқа келді,

Адамдардың ерлігі Олда,

Күші де өзі Құдайда.

 

 

 

АУЫР АЙҚЫШ

 

Тәңір, Айқышқа Сен барып,

 

Қиналдың мен үшін өліп.

Өліммен күнәмді өттің,

Пәк қаныңмен тазаладың.

 

Мені Сен құтқарып алдың.

Сенің бейнет пен енбегің,

Жаныма мол жеміс берсін.

Мәңгі өмірге ие болсын.

 

ПӘСІХ

 

 

ҚУАН, КӨКТЕГІ ПАТШАЙЫМ

 

Қуан, Көктегі Патшайым, Хәлелуя!

 

Лайық болғансын, құрсағыңда, Хәлелуя!

Тірілгенді көтеру,

Хәлелуя!

Құдайға дұға ете гөр, Хәлелуя!

 

– Қуан да көңілден, Мәриям Қызы, Хәлелуя!

– Өйткені шынында Тәңір тірілді, Хәлелуя!

 

 

 

ШАҚЫРАМЫН СЕНІ

 

Шақырамын Сені, кел де күшейт мені,

 

Рақымыңды сыйла,

Жанымды тазала,

Заман және әлем – Сенің, махаббатым,

Сен – менің мәңгілік шабытымсың,

Киелі Рух!

Кел, Киелі Рух!

 
 

 

 

АТЫҢ МӘҢГІ ДӘРІПТЕЛСІН

 

Мадақтаймын Сені, Тәңірім,

 

Атың мәңгі дәріптелсін.

Мадақтаймын Сені, Тәңірім,

Атың мәңгі дәріптелсін.

 

Құдайдың данқ пен даналығы, жолдардың түзулігі,

Әділет пен адамдардың тағдыры.

 

Ол құпияларды біледі,

адасқандарды табады,

Оның нұры бізбен мәңгіге болады.

 

Мәңгі Сені мадақтаймыз,

Әке, Ұл, Киелі Рух,

Сенің халқыңа мейіріміңді төк.

 

 

 

БҰЛ НАНДЫ БІЗ ЖЕЙМІЗ

 

Бұл нанды біз жейміз,

 

тостағаннан ішеміз,

Осылай Мәсіх істеді.

Бұл нанды біз жейміз,

тостағаннан ішеміз:

Біз Құдайдың достарымыз.

 
 

 

 

НАН МЕН ТОСТАҒАНДА

 

Нан мен тостағанда

 

боламыз бірыңғай

Сенімен, Иса Мәсіх.

 

Махаббат болса арамызда,

Сен келесің, келесің қайтадан.

 

Татулық болса жүрегімізде,

Атыңды лайықты ұстаймыз.

 
 

 

 

ЖҮРЕГІМ МАХАББАТҚА ТОЛЫ

 

Жүрегім махаббатқа толы,

 

Бір Сен үшін ол соғады.

Саған өмірімді арнаймын,

Құтқарушым менің, Сені сүйемін.

 

 

 

О, ИСА, МЕН КҮТУДЕМІН

 

О, Иса, мен күтудемін,

 

Кел деп жалбарынамын.

Жүрегім аңсайды Сені,

Сен үшін ғана соғады.

 

Сенемін, күмәнданбаймын,

Нан түрінде келіп тұрсың.

Рақымыңды қабылдаймын,

Біздің мәңгі Патшамысың.

 
 

 

 

БҰЛ КИЕЛІ ҚҰПИЯНЫ

 

Бұл Киелі Құпияны

 

Табынып даңқтаймыз,

Ежелгі өсиет

Жаңамен жабылады.

Сезімге түсініксізді

Сеніміміз толтырады.

Туған мен Туылған

Жоғарда даңқталады!

Билік, ізет пен мадақ,

Бата да Оларға!

Екеуіден келіп тұрған

Да мадақталсын.

Әумин.

 
 

 

 

МӘСІХ – ПАТША

 

Мәсіх – Патша, Мәсіх – Тәңір,

 

Мәсіх, Мәсіх – Әмірші.

 

 

 

ИСА – ЖОҒАРҒЫ ЕСІМ

 

Иса – жоғарғы есім,

 

Құтқарушымыз, даңқты Тәңір,

Имануил – Ол мәңгі бізбен бірге,

Құтқарушымыз, тірі Құдай!

 

Киелі және нағыз Мәсіх,

Әкенің сүйікті жалғыз Ұлы,

Күнәмізді ақтап алған Құрбан,

Патшалардың Патшасы, иелердің Иесі.

 

 

ҚҰДАЙТУУШЫНЫҢ  ҚҰРМЕТІНЕ

 

 

МӘРИЯМ ТЫНЫШ ЖАРЫҚ

 

Мәриям тыныш жарық,

 

аспан қақпа,

Киелі ордасың,

Иса мен Әкеге бізді әкел,

Анамысың, біз – байғұс ел.

 

Баталысын Сен,

Құдайдың сұлығына толысын,

Жарқын Ана, ағарт біздерді,

жерде де көктеде.

 

Баталысын Сен,

жүректің таза бұлағысың,

Аспан оттың Сарайысың Сен,

сөнбейтін алауысың.

 

Баталысын Сен,

әбігер мен ылаңнан сақта,

Патша тәжіні лайық болдың,

о, Киелі Құдай Ана.

 

 

 

ҚҰДАЙЫМ, БЕЙБІТТІГІҢ

 

Құдайым, бейбіттігің

 

мәңгілікке орналсын.

 

 

 

ҚАРА ҚАНДАЙ МАХАББАТ

 

 

Қара қандай махаббат

 

Көктегі Әке бізге берді!

Қара қандай махаббат

Көктегі Әке бізге берді!

Құдайдың балалары атану мен

болу үшін,

Құдайдың балалары атану мен

болу үшін.

 

 

TAIZÉ ӨЛЕҢДЕРІ

 
 

 

ҚҰДАЙ – МЕНІҢ ҚУАНЫШЫМ

 

 

 

Құдай – менің қуанышым,

менің күшім, нұрым,

Тәңір – менің үмітім,

тек Саған сенемін мен,

Сен менің Құдайымсың.

 

 

 

 

ЖАЛБАРЫНАМ САҒАН

 

 

Жалбарынам Саған,

 

кел де естіп алшы,

Тәңір Ием, дауысымды,

Жалбарынам Саған,

кел де естіп алшы,

Жалынышымды.

 

 

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ ҚҰДАЙҒА           

        

Алғыс айтамыз Тәңірге,

 

Өйткені Ол ізгі,

Алғыс айтамыз Тәңірге,

Хәлелуя!

 

Confitemini Domino

quoniam bonus.

Confitemini Domino,

alleluia!

 
 

 

 

ДӘРІПТЕЙДІ

        

Дәріптейді, дәріптейді,

 

дәріптейді, менің жаным, Тәңірді!

Дәріптейді, дәріптейді,

дәріптейді, менің жаным!

 

Magnificat, magnificat,

magnificat anima mea Dominum!

Magnificat, magnificat,

magnificat anima mea!

 
 

 

АЙҚЫШ АҒАШ

 

Айқыш ағашыңа табынамыз, Иеміз,

 

Және Сенің тірілуіңді

Мадақтаймыз.

Айқыш ағашыңды қастерлейміз

Және Сенің тірілуіңді мадақтаймыз.

 

Crucem tuam adoramus Domine,

resurrectionem tuam

laudamus Domine.

Laudamus et glorificamus. Resurrectionem tuam

laudamus Domine

 

 

 

ТӘҢІР ИЕМНІҢ РАҚЫМЫН   

        

Тәңір Иемнің Рақымын

 

Мадақтаймын мәңгілік.

 

Misericordias Domini

In aeternum cantabo.

 
 

 

ЖҮРЕГІМНІҢ ТАТУЛЫҒЫ

 

Жүрегімнің татулығы Сенде, Ием,

 

Құтқарушымсың менің,

Тек Саған ұмтылады менің жаным

Және тыныштық табады.

 
 

 

 

ТАБЫНАМ САҒАН

 

Табынам Саған, Иса, Тәңір Ием,

 

Хәлелуя, Хәлелуя!

Мадақтаймын Сені, Тәңір Ием!

Жырлаймын Сені, Хәлелуя!

 
 

 

МАДАҚТАЙМЫН СЕНІ

 

 

Мадақтаймын Сені,

Сенің киелі атыңды!

Мадақтаймын Сені,

Менің Құтқарушымсың!

 

 

 

ТӘҢІРДІ МАДАҚТАНДАР

         

Мадақтандар!

 

Мадақтандар!

Барлық халықтар, Хәлелуя!

 

Laudate Dominum!

Laudate Dominum!

Omnes gentes, alleluia!

 
 

 

МАДАҚТА, МЕНІҢ ЖАНЫМ

 

Мадақта, менің жаным,

 

Тәңір Иемді, Хәлелуя!          

Тәңір Иемді мадақта,

Хәлелуя!

 

Өлең айтамын Құдайыма мәңгілік,

Бүкіл өмір өлең айтамын Саған,

Өлеңім жайлы болады Құдайыма;

Әрқашанда қуанып жырлаймын.

 

Өз халқыңның Бақташысы Құдай Ием,

Ол – бүкіл әлемнің ғажап үміті,

Жүрегім рақымыңды мадақтайды;

Және де жалтыңды хабарлайды.

 

 

 

ІЗГІ ХАБАРДЫ БӘРІНЕ АЙТАМЫЗ

 

Ізгі Хабарды бәріне айтамыз,

 

Мәсіхтің жарығымен лаулаймыз;

Барлық жерге, барлық жаққа

Сенің Сөзіңді әкелеміз, Иса.

 

 

ҚҰДАЙ ӘЛЕМДІ ЖАРАТТЫ

 

 

Құдай әлемді жаратты,

Хәлелуя, Хәлелуя!

 

Даңқты Құдай, даңқты Құдай,

мәңгілік даңқты.

 

Құдай бізді жаратты,

Хәлелуя, Хәлелуя!

 

Құдай өлімнен құтқарды,

Хәлелуя, Хәлелуя!

 

Құдай татұлық берді,

Хәлелуя, Хәлелуя!

 

 

 

МАДАҚТАУ ӘНҰРАНДАРЫ

 
 

 

ТӘҢІРГЕ ӨЛЕҢ АЙТЫҢДАР

 

 

Тәңірге өлең айтыңдар,

Киелі атынды мадақтандар!

Хәлелуя, Хәлелуя,

Хәлелуя, Хәлелуя!

 

 

МАДАҚ ПЕН ІЗЕТ БОЛСЫН

 

 

Мәңгілік мадақ, ізет пен даңқ болсын,

Құдайға мадақ пен ізет,

Мадақ, мадақ болсын,

Саған, Құдай, мәңгілік!

 

 

 

ШІРКЕУ МЕН РУХ

 

 

Шіркеу мен Рух айтады: «Кел!»

Кім естесе де, айтсын: «Кел!»

Аңсаған келсін және ішсін,

Өмір суыңды тегін алсын.

 

Хәлелуя, мадақтаймыз Сені!

Хәлелуя, мадақтаймыз Сені!

Хәлелуя, мадақтаймыз Сені!

Хәлелуя, мадақтаймыз Сені!

 
 

 

 

СҮЙЕМ СЕНІ

 

 

Сүйем Сені, Тәңір!

Сүйем Сені, Иса!

Өмірімнің бұлағысың Сен,

Сүйем Сені!

Сен менің жұлдызымсың қара түнде,

Сенімен мен барамын әр жерге,

Жалынымсың, жарығымсың Сен,

сүйем Сені!

 

 

 

ИЕМ, СҮЙЕМ СЕНІ

 

 

Ием, сүйем Сені және мадақтаймын,

Атыңды барлық жерде,

Атыңды даңқтаймын,

атыңды даңқтаймын.

Сенің атыңды әлемде!

 

Иса, сүйем Сені…

Киели Рух, сүйем Сені…

 
 

 

ӘКЕ, БАҒЫНАМЫН (ҚАҒИДА)

 

Әке, бағынамын, өмірімді арнаймын,

 

Сүйем Сені.

Иса, бағынамын, өмірімді арнаймын,

Сүйем Сені.

Киелі Рух, бағынамын,

өмірімді арнаймын,

Сүйем Сені.

 

 

148  ЗАБУР ЖЫРЫ

 

Хәлелуя, Хәлелуя,

 

Хәлелуя, Хәлелуя!

 

Тәңірдің атын мадақтаңдар,

Заңғар биікте дәріптеңдер,

Періштелер, Тәңірді даңқтаңдар,

Тәңірдің нөкерлері, даңқтаңдар.

 

Тәңірді даңқтаңдар, күн мен ай да,

Барлық жарқылдаған жұлдыздар да,

Даңқтаңдар Оны, жоғары сулар!

Даңқта Тәңірді, заңғар аспан.

 

Тәңірдің есімі дәріптелсін,

Оның ұлы аты мадақталсын,

Ол әмір етті – жаратылды да.

Тәңірдің Сөзі мәңгілікке.

 

Биік пен терең, Тәңірді даңқтаңдар,

Бұршақ пен от, төбелер, ағаштар,

Қар мен тұман, қуатты жел де

Тәңірдің есімін мадақтасын.

 

Тәңірді даңқтаңдар,

балықтар да аңдар,

Еркін құстар, Тәңірді даңқтаңдар,

Даңқтаңдар Оны,

жігіттер мен қыздар,

Қарттармен қатар сендер де, балалар!

 

Барлық ұлттар Тәңірді даңқтасын,

Бәрі де Оны мадақтасын,

Өз діндарларын Ол күшейтеді,

Өз әулиелерін Ол биіктетті.

 

Тәңірдің ұлы аты даңқталсын,

Заңғар аспанда да, кең жерде де,

Әке, Ұл және Киелі Рух

Мәңгілікке мадақталсын!

 

 

 

ТЕК БІР ҒАНА ҚҰДАЙ

 

 

Тек бір ғана Құдай.

Шіркеу – Оның үйі.

Табалдырықтан аттап тізе бүгеміз,

Оны мадақтаймыз.

 

Осы үйді Ол таңдады,

Оның ішінде тұрады.

Барлық дұғаларды Ол естейді.

Оны мадақтаймыз.

   
 

 

 

СЕН ҚОРЫҚПА ДА  ҚАЙҒЫРМА

 

Сен қорықпа да қайғырма,

 

Құдай бізбен бірге – кім қарсы шығады?

Сен қорықпа да қайғырма –

Ол бізбен бірге.

 

 

 

СЕН, МӘРИЯМ

 

Сен, Мәриям, майшам жақтың,

 

Нұр басқанда зұлмат кетеді.

Сен, Мәриям, майшам жақтың,

Нұр басқанда зұлмат кетеді.

 

 

 

РАХМЕТ САҒАН, ҚҰДАЙ!

 

Рахмет Саған, Құдай!                      

 

Рахмет Саған, Құдай!            

Рахмет, О, Құдай Ием!                    

Иса үшін рахмет!

 

Енді менің күшім бар!                   

Менің байлығым бар!                 

Мен үшін Иса өмірге келді!

Рахмет!

 

 

 

НАН ТЫМ-ТЫРЫС

 

 

Нан тым-тырыс,

Құш мені үнсіздігіңмен,

Ақ Хостияда жасыр мені,

Зұлматымды ал.

 

Шырайландыр мені –

мен Сендей нан болайын,

Аңсағандардың арасында

нандай бөліс мені.

 

Ал бұл қалған нанның қоқымы

Сезімсіз адамдарға үлестір.

 
 

 

 

ӘЛЕМНІҢ БӘРІН ҚҰДАЙ  ЖАРАТҚАН

 

 

Әлемнің бәрін Құдай жаратқан,            

Еш нәрсе де Онсыз пайда болмаған.   

 

Мадақтаймын Сені,

Мадақтаймын Сені, Ием.          

Мадақтаймын Сені,                    

Мәңгілік. Аумин!                                  

 

О, неткен бай Құдайдың даналығы,

Неткен терең Оның білік-парасаты.

 

 

 

КИЕЛІ РУХ, КЕЛ

 

 

Киелі Рух, кел,

Күшейт бізді сеніммен,

Күшейт бізді үмітпен,

Сүйеспеншілікпен күшейт!

 
 

 

 

БҰЛ КӨКТЕГІ ӘНДІ ПЕРІШТЕЛЕР АЙТАДЫ

 

 

Бұл Көктегі ән періштелер айтады;

Тәңірге мәңгі мадақ!

 

Хәлелуя, Хәлелуя,               

Хәлелуя. Алғыс Саған!

 
 

 

 

КЕЛ, ҚҰДАЙДЫ МАДАҚТАУҒА!

 

 

Кел, Құдайды мадақтауға!

Кел, жүрегіңді Оған арна!

Кел, Тәңірді мадақтауға!

Кел, Ол сені қабылдайды.

Кел!

 

 

Уақыт келер барлығы жар салады,

Сен менің Құдайым деп.

Өмірдің байлығы тек сол үшін –

Құдайды танығанға.

Кел!

 

 

 

О, ҚҰДАЙ ИЕМ!

 

 

 

О, Құдай Ием!                                         

Сен әлемді жараттың.                            

Сен барлық бұлттардан

жоғарысың!      

 

Саған табынам,  (Хәлелуя!)                                    

Саған табынам, (Хәлелуя!)                                                                 

Саған табынам, (Хәлелуя!)                                    

Құдай Ием!

 
 

 

 

ӨМІРІМ ҚҰДАЙДА    

 

 

Өмірім Құдайда!                     

Күшім де Құдайда!             

Үмітім Құдайда!                      

Құдайым Иса!

 

Мадақтаймын Сені өміріммен,                           

Мадақтаймын Сені өлеңіммен,

Барлық күшімен мадақтаймын Сені,

Менің үмітім тек Сенсің!   

 
 

 

 

МАХАББАТ РУХЫҢДЫ БЕР

 

Махаббат Рухыңды бер,

 

Өмірімге кел!                         

 

Барлық жүрегіммен

мадақтаймын Сені,

Барлық ақылымен

мадақтаймын Сені,

Барлық күшімен мадақтаймын Сені,

Құдай Ием!

 

 

 

КИЕЛІ РУХ КЕЛ БІЗГЕ

 

 

Киелі Рух кел бізге,

Отыңды сыйлай гөр,

Сенің күшің де даңқың

молшылықта төгілсін,

Жаңарт бізді, тазала,

Сенің атыңды мадақтаймыз.

 

Мадақ –

Иса Мәсіх біз үшін өлді!

Мадақ –

бізге мәңгілік өмір сыйлады!

Иса, тек Иса Мәсіх – Тәңір!

 
 

 

 

МЕН САҒАН ӨЛЕҢ АЙТАМЫН    

 

 

Мен Саған өлең айтамын,          

Тәңір, Саған табынамын.             

Саған мәңгі ризамын мен.          

Құтқарғаныңа қуанамын.            

 

Көктен жерге келдің

шын өмір беру үшін.       

Айқыш ағашта өлдің,

Құнымды төледің.

Өлімнен Сен тірілдің,

Көкке көтерілдің.

Атыңды мадақтаймын.

 
 

 

 

ИСА – МЕНІҢ ӨМІРІМ

 

 

Иса – менің өмірім,

Хәлелуя, Хәлелуя!               

Иса – менің өмірім,

Менің өмірім, Хәлелуя!

 

 

 

СЕН ЖАРЫҚ БЕРЕСІҢ

 

 

Сен жарық бересің –

ол зұлматты жояды,

Сен өмір бересің –

ол өлімді жеңеді,

Мен саған үміттенемін,

Иса – рақымды Құдай!

 
 

 

 

ТӘҢІР ИЕМ АРАМЫЗДА

 

 

Тәңір Ием арамызда, 

Киелі, Киелі.                      

 

Жоғарыда Ол мадақталсын

Құдіретпен, кұшпен, қуанышпен.

Билік етсін арамызда

Бүгіннен мәңгіге, Әумин!

 
 

 

 

КЕЛЕМІН САҒАН

        

Келемін Саған, Жаратушым,

 

Сенің шексіз махаббатың

Таусылмайды рақымың.

 

Ұлысың Сен,

Сен ғажайып ұлысың.

Сенен артық ешкім жоқ,

Саған ешкім тең келмес.

 

Келемін Саған, аңсап Сені.

Жүрегімді жадыратшы,

Мәңгілікке жасашы.

 

Сен жалғыз лайқсын бар мадақты,

Қолымызды көтереміз,

Сенде қуанамыз біз.

 

 

 

БАРЛЫҚ АСПАН

 

 

Барлық аспан                              

Атыңды мадақтайды, Ием.         

Сенің көркің                                 

Немен теңдеседі екен.               

 

Мәңгі отырасың               

Жарқыраған тақта,

Тек Сенің алдыңда

Тізе бүгемін мен.

 

Мадақтаймын

Сенің даңқыңды, жан Ием.

Сен біз үшін

Өміріңді құрбан еттің.

 
 

 

 

СЕН МЕНІҢ ӨМІРІМСІҢ

 

 

Менің өмірімсің,

Менің тынысымсың,

Сенің жарығың тартады мені.

 

Мәңгі

Қажетсінемін Сені,                    

Мәңгі

Мен табынамын Саған.

 
 

 

 

СЕН ПАТШАСЫҢ

 

Сен Патшасың,Сен Патшасың,   

 

Патшамысың!                            

 

Жүрегімізді көтереміз,

Қолдарымызды жаямыз,              

Құдайдың алдыңда тұрамыз,

Мадақтаймыз!

 

 

 

ҚҰРБАН ЕТЕМІН ТӘҢІРІМГЕ

 

 

Құрбан етемін Тәңірімге,

Бүкіл өмірімді, Сенімен бірге

мәңгіге мен,

Жүрегімді Саған арнаймын,

Сен – менің махаббатымсың.

 
 

 

 

ЖАҚЫНДА МЕНІ

 

 

Жақында мені,

Және жіберме,

Саған бар өмірімді

Арнаймын мен, о Құдайым!

 

Керексің Сен маған,

Қымбатсың әрқашан,

Саған ештеңе тең емес,

Сенің махаббатың шексіз,

Жолымды көрсет,

Өзіңе қайтар.

 

Керексің Сен маған,

Мен Сені аңсағам,

Керексің Сен маған,

Сен болшы қасымда.

 
 

 

 

СЕНІҢ  РАҚЫМЫҢ

 

Сенің рақымың бізбен бірге,

 

Сенің махабаттың айнымас,

Күшіңмен жасайсың арамызда,

Сен Құтқарушысың, Жеңушісің!

 

Тек Сені қалаймыз,

Сенің рақымыңды,

Аңсаймыз Сенің күшіңді,

Махаббатыңды.

 

 

 

МҰНДА МЕН МАДАҚТАУҒА

 

Әлемнің нұрысың,

 

зұлматқа түскен,

Көзімді аштың, өмір бердің,

Жүрегімен Саған табынамын Мен,

Мәңгі болам Сенімен.

 

Мұнда мен мадақтауға,

Мұнда мен табынуға,

Мұнда Саған айтуға:

Құдайымсың!

Бәріннен қадірлісің,

Бәріннен кереметсің,

Бәріннен ғажапсың Сен мен үшін!

 

Барлық заманның Сен ұлы Патшасың,

Мадақ Саған аспанда,

Момын келбетте келдің осы жерге,

Махаббат үшін қиналдың.

 

Ешқашанда мен ұмытпаймын,

Күнәмінді айқышқа алдың!