Айқыш Ағаш Жолы (Via Crucis)

“О, Әкем, егер Сен қаласаң, осы тостағанды Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!” (Лұқ 22:42)

I. Исаның өлім жазасына кесу үкімі.

“Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.” (Пет1 2:23)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

II. Иса Өз Айқыш Ағашын алады.

“Ол біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық!” (Иш 53:4)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

III. Иса Айқыш Ағашының ауырлығынан құлайды.

“Алайда Ол біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз сауықтық.” (Иш 53:5)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

IV. Иса Анасымен кездеседі.

“Уа, Жерісәлемнің қызы, не дейін саған, неге теңейін сені? Уа, Сион халқы, немен салыстырып жұбатам сені, жараң теңіздей терең, кім жаза алар өзіңді?” (Жоқт 2:13)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

V. Күренелік Шимон Исаға Айқыш Ағашын сүйретуге көмек етеді.

“Қаладан шыға жолшыбай олар Шимон есімді күренелік ер адамға тап болды. Оны Исаның Айқыш Ағашын арқалап жүруге мәжбүр етті.” (Мат 27:32). “Біріңнің ауыр жүгіңді екіншің көтерісіңдер! Сөйтіп Мәсіхтің өсиетін орындайсыңдар.” (Ғал 6:2)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

VI. Берніке Исаның бетін сүртеді.

“Жүрегім Сенің атыңнан «Бет-жүзіме назар аударасыңдар» дейді. Мен бет-жүзіңе назар аударатын боламын да, уа, Тәңірім.” (Заб 27 (26):8)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

VII. Иса Айқыш Ағашының ауырлығынан екінші рет құлайды.

“Исаның күнәкарлардың қаншама жауыздықтарына шыдағанын ескеріңдер! Осылай сендер де қажымаңдар, жігерлеріңді жасытпаңдар!” (Ибр 12:3)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

VIII. Иса жылайтын әйелдерді кездеседі.

“Иса оларға бұрылып, былай деді: «Жерісәлемнің әйелдері, Мен үшін жыламаңдар, өздерің мен балаларың үшін жылаңдар! (…) Егер жасыл ағашқа бұлай істелсе, онда қураған ағашпен не болмақ?!” (Лұқ 23: 28, 31)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

IX. Иса Айқыш Ағашының ауырлығынан үшінші рет құлайды.

“Өйткені ажал аузында жандарымыз, әрі жерге жабысуда тәндеріміз.” (Заб 44 (43):26)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

X. Жауынгерлер Исаның киімін шешіп алды.

“Жау жамылғымды бөлісіп алады, киімім үшін жеребе салады.” (Заб 22 (21):19)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

XI. Исаны Айқыш Ағашқа шегеленген.

“Уа, халқым, Мен сендерге не істедім? Сендерді немен қалжыраттым? Маған жауап беріңдер! Мен сендерді ұлы құшыммен, құдіретті қолыммен көтердім, ал сендер Мені Айқыш Ағашына шегелдіңдер.” (Cf. Мих 6:3)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

XII. Иса Айқыш Ағашта өледі.

“Міне, әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы!” (Жох 1:29)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

XIII. Исаның денесі Айқыш Ағаштан түсірілген.

“Өмір сүрсек, Тәңірімізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Тәңірімізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Тәңіріміздің меншігіміз. Мәсіх бәрінің де: өлгендер мен тірілердің Иесі болуы үшін жанын құрбан етіп, қайта тірілді.” (Рим 14:8-9)

℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз.

℟: Өйткені Сен киелі Айқышың арқылы әлемізді құтқардың.

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ…   СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ…   ӘКЕ, ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ… 

℣: Уа, Тәңір, бізді рақым ете гөр.

℟: Бізді рақым ете гөр.

XIV. Исаның денесі қабірге қойылған.

“Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: егер бидайдың дәні жерге егіліп, жойылмаса, онда ол жалғыз дән болып қалады. Ал егер ол жерге егіліп, көктеп, өзі жойылса, сонда ғана одан көп өнім өсіп шығады.” (Жох 12:24)