МЕССА ТӘРТІБІ (жамағат үшін)

МЕССА ТӘРТІБІ (жамағат үшін)

 

  • МЕССА ТӘРТІБІНІҢ ҚАЗАҚША АУДАРМАСЫ ӘЛІ КҮТІЛУДЕ ЖӘНЕ КИЕЛІ ТАҚТА ӘЛІ БЕКІТІЛМЕГЕН. 
  • MESSA TÁRTİBİNİŃ QAZAQSHA AÝDARMASY ÁLİ KÚTİLÝDE JÁNE KIELİ TAQTA ÁLİ BEKİTİLMEGEN.
  • КАЗАХСКИЙ ПЕРЕВОД ЧИНА МЕССЫ НАХОДИТСЯ НА РАССМОТРЕНИИ И ПОКА НЕ УТВЕРЖДЁН СВЯТЫМ ПРЕСТОЛОМ. 
  • THE KAZAKH TRANSLATION OF THE ORDER OF MASS IS PENDING AND HAS NOT YET BEEN APPROVED BY THE HOLY SEE.

* Qazaqsha (Латын Қазақша)

* Русский (Орысша)

* English (Ағылшынша)

• БАСТАПҚЫ ЖОРАЛАР •

 

Кіріспе ән айту кезінен қасиеткер мен сенушілер өздеріне айқыш белгісін жасайды; қасиеткер, жамағатқа назар аударып, айтады:

Қ. Әке, Ұл және Киелі Рухтың атына.

Ж. Аумин.

Сонан соң қасиеткер қолдарын жайып жамағатты қарсы алады:

Қ. Тәңіріміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухтың қатынасуы сендермен бәрімен бірге болсын.

Немесе:

Қ. Құдай Әкеміз және Тәңіріміз Иса Мәсіхтің рақымы мен бейбіттігі сендермен бірге болсын.

Немесе:

Қ. Тәңір сендермен бірге болсын.

Ж. Рухыңмен де бірге болсын.

«Тәңір сендермен бірге болсын» сәлемдесу орнына бискіп келесі сөздермен қарсы алады.

Б. Сендерге бейбіттік болсын.

Ж. Рухыңмен де бірге болсын.

• ӨКІНУ ЖОРАСЫ •

 

Жексенбі күні суға бата беріледі және шоқындыру еске түсіру үшін бүрку жасалады

Қарсы алу кезінен кейін қасиеткер жамағатты дұға етуге шақырады және қысқа тыныштықтан кейін су дәріптеу сөздерін айтады да келесі сөздерімен оны аяқтайды:

Қ. Тәңіріміз Мәсіх арқылы.

Ж. Аумин.

Су мен тұз араластыруға жергілікті әдет бойынша тағайындайтын жерде, қасиеткер суға бата беру қысқа формуласын айтады да келесі сөздерімен оны аяқтайды:

Қ. Тәңіріміз Мәсіх арқылы.

Ж. Аумин.

Содан кейін қасиеткер су бүркиді және Белгіленген орнына қайтып, айтады:

Қ. Құдіретті Құдай бізді күнәларымыздан  тазалып, осы Еухаристияның өтеуі арқылы Оның Патшалық Тойына қатысуымызға лайықтасын.

Ж. Аумин.

Егер суға бата беру мен бүрку орындалмаса, Мессаға қысқаша кіріспеден кейін қасиеткер сенушілерді тәубе етуге шақырып, айтады:

Қ. Бауырларым, Киелі Құпиялар өтеуіне қатысуымыз үшін өз күнәларымызды мойындайық.

Қысқа тыныштық сақталады, ал содан соң жамағат сенім сөздерін бірге айтады:

Мен Құдіретті Құдайдың алдында да * және бауырларымның алдында да * ойыммен, сөзіммен, ісіммен * және жақсылықты істемеуіммен * көп күнә жасағанымды мойындаймын.

Өз кеудесін соғып, айтады:

Менің кінәм, * менің кінәм, * менің ұлы кінәм.

Сосын жалғастырады:

Сондықтан Баталы Мәриям Мәңгібикешті, * барлық періштелер мен әулиелерді * сондай-ақ сендерді, бауырларым, * Құдай Тәңірімізге мен үшін дұға қылуын өтінемін.

Қасиеткер жіберілетін дұғасын оқиды:

Қ.  Құдіретті Құдай бізге рақым етсін * және күнәларымызды кешіріп, * бізге мәңгілік өмір сыйласын.

Ж. Аумин.

Немесе:

Қасиеткер сенушілерді өкіну рәсімін өтуге шақырады:

Қ. Бауырларым, Киелі Құпиялар өтеуіне қатысу үшін өз күнәларымызды мойындайық.

Уақытша тыныштық орналады. Сосын қасиеткер айтады:

Қ.  Бізге рақым ете гөр, уа, Тәңір.

Ж. Өйткені біз Сенің алдында күнә жасадық.

Қ.  Бізге мейіріміңді төге гөр, уа, Тәңір.

Ж. Және құтқаруыңды бере гөр.

Қасиеткер жіберілетін дұғасын оқиды:

Қ.  Құдіретті Құдай бізге рақым етсін *  және күнәларымызды кешіріп, * бізге мәңгілік өмір сыйласын.

Ж. Аумин.

Немесе:

Қасиеткер сенушілерді өкіну рәсімін өтуге шақырады:

Қ. Бауырларым, Киелі Құпияларды өтеуіне қатысу үшін өз күнәларымызды мойындайық.

Уақытша тыныштық орналады.

Сосын қасиеткер, диакон не басқа қызметші Тәңір, рақым ете гөр дұғасымен келесі немесе басқа сөздерді айтады:

Қ.  Шын жүректен өкінетіндерді айықтыруға Жолдаған: Тәңір, рақым ете гөр.

Ж. Тәңір, рақым ете гөр.

Қ. Күнәкарларды шақыруға Келген: Мәсіх, рақым ете гөр.

Ж. Мәсіх, рақым ете гөр.

Қ.  Әкенің оң жағында отырып, біз үшін Өтінетін: Тәңір, рақым ете гөр.

Ж. Тәңір, рақым ете гөр.

Қасиеткер жіберілетін дұғасын оқиды:

Қ.  Құдіретті Құдай бізге рақым етсін *  және күнәларымызды кешіріп, * бізге мәңгілік өмір сыйласын.

Жамағат жауап береді:

Ж.  Аумин.

Егер өкіну рәсімінің басқа тәртібінде қолданылатын болмаса, «Тәңір, рақым ете гөр» («Kyrie, eleison») үндеу сөздер айтылады:

Қ. Тәңір, рақым ете гөр.

Ж. Тәңір, рақым ете гөр.

Қ. Мәсіх, рақым ете гөр.

Ж. Мәсіх, рақым ете гөр.

Қ. Тәңір, рақым ете гөр.

Ж. Тәңір, рақым ете гөр.

Сосын, белгілі болса, әнұран жырланады немесе айтылады:

Құдайға даңқ биікте * және жерде де ізгі тілек адамдармен бірге бейбіттік болсын. *  Мадақтаймыз Сені, * дәріптейміз Сені, *  табынамыз Саған, * қолпаштаймыз Сені, * Сенің ұлы даңқың үшін Саған алғыс айтамыз, * уа, Тәңір Құдай, Аспан Патшасы, *  уа, Құдай, Құдіретті Әке, * уа, Тәңір, жалғыз туған Ұлы, Иса Мәсіх, * уа, Тәңір Құдай, Құдай Қозысы, * әлемнің күнәларын алатын Әкенің Ұлы, * бізге рақым ете гөр, * әлемнің күнәларын алатын, дұғамызды қабыл ал, * Әкенің оң жағында отыратын, бізге рақым ете гөр. *  Өйткені Сен ғана киелісің, * Сен ғана – Тәңірсің, * Сен ғана Құдай Тағаласың, уа, Иса Мәсіх, * Құдай Әкенің даңқында Киелі Рухпен бірге. * Аумин.

Осы әнұран аяқталған соң қасиеткер қусырылған қолдармен айтады:

Қ. Дұға етейік.

Барлық қасиеткермен бірге біраз уақыт тыныштықта дұға етеді. Сосын қасиеткер қолдар жайылып  кіріспе дұғасын оқиды, ол аяқталған соң жамағат жауап береді:

Ж.  Аумин.

• СӨЗ ЛИТУРГИЯСЫ •

Дауыстап оқушы амбонға барып, Бірінші оқуын оқиды. Оны барлық отырып тыңдайды. Дауыстап оқушы аяқталуын білдіретін сөздерді айтады:

О. Тәңірдің Сөзі.

Ж.  Құдайға алғыс айтамыз.

Забур жыры жырлайтын немесе жыршы Забур жырын жырлайды немесе оқиды; жамағат жауап береді. Егер белгіленсе, дауыстап оқушы Екінші оқуын амбоннан оқиды. Дауыстап оқушы аяқталуын білдіретін сөздерді айтады:

О. Тәңірдің Сөзі.

Ж.  Құдайға алғыс айтамыз.

Сонан соң диакон не қасиеткер амбонға жақындайды да айтады:

Қ. Тәңір сендермен бірге болсын.

Ж.  Рухыңмен де бірге болсын.

Қ. N жазған Киелі Інжілден оқуы.

Ж.  Даңқ Саған, уа, Тәңір.

Інжіл оқуы аяқталған соң, диакон не қасиеткер жариялайды:

Қ. Тәңірдің Сөзі.

Ж.  Мадақ Саған, уа, Мәсіх.

Уағыз басталады.

Уағыз аяқталған соң, белгіленген кезде, Сенім нышаны жырланады немесе айтылады;

Мен бір Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің, * көзге көрінетін және көрінбейтіннің Жаратушысына * сенемін. * Және жалғыз Тәңір Иса Мәсіхке сенемін, * Ол бар ғасырлар бұрын Әкеден туылған Құдайдың жалғыз Ұлы: * Құдайдан Құдай, * Жарықтан Жарық, * шынайы Құдайдан шынайы Құдай, * Ол туылған, жаратылмаған, Ол Әкемен бірболмысты, * барлығы Ол арқылы жаратылды. * Ол біз, адамдар үшін, және біздің құтқаруымыз үшін аспаннан түсті.

Келесі сөздер айтқанда “Адам болып келді”  [“factus est”] сөздерге дейін барлық бас иеді.

Және Киелі Рух пен Мәриям Бикештен ұрықталып, * Адам болып келді, * Ол Понти Пилат тұсында біз үшін Айқышқа шегеленді, * азап шекті де көмілді, * Жазбалар бойынша, үшінші күні өлімнен қайта тірілді, * аспанға көтерілді және Әкенің оң жағында отыр, * Ол тірілер мен өлілерді соттауға даңқта қайта келе жатыр, * және Оның Патшалығының шегі болмайды. * Және  Киелі Рухқа, * Тәңір мен Рухтандырушыға сенемін, * Ол Әке мен Ұлынан келіп тұр, * Әке мен Ұлмен бірге Оған табыну  мен мадақ лайық, *  Ол пайғамбарлар арқылы хабарлады. * Және біртұтас  Киелі Католик пен Елшілік Келесесіне сенемін. * Күнәлардың кешірілуіне бір рет ғана өтетін шомылдыру рәсімін танимын. * Өлгендердің тірілуін және болашақ өмірін күтудемін. * Аумин.

Ізнік-Қостантиниялық Сенім нышаның орнына, әсіресе Ұлы Тағат және Пәсіх кезеңде, Рим Келесесінің шомылдыру нышаны, Елшілік (Апостолдық) Сенім нышаны, деп аталатын пайдалана алады.

Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына сенемін, * және Оның жалғыз Ұлы * Тәңіріміз Иса Мәсіхке сенемін:

Келесі сөздер айтқанда “Мәриям Бикеш арқылы туылған”  сөздерге дейін барлық бас иеді.

Ол Киелі Рухтан ұрықталған, * Мәриям Бикеш арқылы туылған, * Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленді, * өлді және көмілді; * тозаққа түсті; * үшінші күні Ол өлімнен қайта тірілді; * аспанға көтерілді * және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр: * ол жақтан Ол тірілер мен өлілерді соттауға келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Келесесіне, * әулиелердің қатысуына, * күнәлардың кешірілуіне,  * тәннің тірілуіне * және мәңгілік өмірге де сенемін. * Аумин.

Жалпы дұғасы не сеншулердің дұғасы оқытылады.

 

 

• ЕУХАРИСТИЯ ЛИТУРГИЯСЫ •

Жалпы дұғасынан кейін  сыйларды әкелу кезінде ән айту басталады. Осы уақытта министранттар құрбантақтың үстіне Еухаристия үшін барлығын орналастырады.

Қасиеткер нанмен патенаны алып, кішкене көтеріледі де күбірлеп айтады:

Қ. Уа, дәріптелген Тәңір, Сен бүкіл әлемнің Құдайысың, * өйткені Саған әкелетін нанымыз біз Сенің жомарттығыңның арқасында қабылдадық: * ол жер топырағының және адам қолының жемісі болғандықтан, * біз үшін өмірдің Наны болсын.

Егер сыйлардың әкелу кезінде ән айтылмаса, қасиеткерге осы сөздерді қатты айтуға болады; соңында жамағат дауыстап айтады:

Ж.  Құдай мәңгі-бақи дәріптелген.

Диакон не қасиеткер тостағанға шарап пен су азғана құяды. Содан кейін қасиеткер тостағанды алып, оны құрбантақтың үстінен кішкене көтереді де күбірлеп айтады:

Қ. Уа, дәріптелген Тәңір, Сен бүкіл әлемнің Құдайысың, * өйткені Саған әкелетін шарабымыз біз Сенің жомарттығыңның арқасында қабылдадық: * ол жүзім сабағының және адам қолының жемісі болғандықтан, * біз үшін рухани ішімдік болсын.

Егер сыйлардың әкелу кезінде ән айтылмаса, қасиеткерге осы сөздерді қатты айтуға болады; соңында жамағат дауыстап айтады:

Ж.  Құдай мәңгі-бақи дәріптелген.

Сыйлардың әкелу  мен қолдардың дәрет алуынан кейін қасиеткер жамағатқа назар аударып, айтады:

Қ. Бауырларым, * біздің құрбанымыз құдіретті Құдай Әкеге ұнамды болсын деп дұға етейік.

Ж. Тәңір Өз даңқ пен мадағы үшін * біздің және Өз Киелі Келесесінің игілігі де үшін * осы құрбанды сенің қолдарыңнан қабыл алсын.

Содан соң қасиеткер сыйлардың үстінен дұға етеді, содан кейін жамағат жауап береді:

Ж.  Аумин.

• II ЕУХАРИСТИЯ ДҰҒАСЫ •

Қасиеткер Еухаристия дұғасын  оқуға бастайды:

Қ. Тәңір сендермен бірге болсын.

Ж. Рухыңмен де бірге болсын.

Қ. Жүректеріміз биікке.

Ж. Олар Тәңірімізде бар.

Қ. Тәңір Құдайымызға алғыс айтайық.

Ж. Бұл лайықты және әділді.

Қ. Уа, Киелі Әке, сүйікті Ұлың Иса Мәсіх арқылы Саған әрқашан да, әр жерде де алғыс айтуымыз шынында лайқты және әділді, тиісті және құтқаралы. Ол – Сен жолдаған Құтқарушы және Өтеуші, Киелі Рух пен Пәк Қызынан туылған, барлықты жаратқан Сөзің. Сенің ерігіңді орындап және киелі халықты Сен үшін жеңіп алып, Ол өлімді күйрету және тірілуін көрсету үшін Айқыш Ағашына қолын созды. Сондықтан біз Періштерлер мен бар Әулиелермен бірге Сенің даңқыңды әйгілеп, бірлесіп жырлаймыз:

Киелі, Киелі, Киелі Тәңір Құдай Сабаот. * Аспан мен жер Сенің даңқыңа толы. * Хосанна биікте. * Тәңірдің атына келе жатқан дәріптелген. * Хосанна биікте.

Қасиеткер жайылған қолдарымен айтады:

Қ. Уа, Тәңір, Сен шынымен киелісің, әр киеліліктің Қайнарысың.

Қолдарын қусырады, және сыйлардың үстінен жайып ұстап айтады:

Сондықтан, өтінеміз, осы шық түсетіндей сыйларды Рухыңмен жарылқай гөр,

Қолдарын қусырып, нан мен шарабына айқыш белгісін жасайды да айтады:

Олар біз үшін Тәңіріміз Иса Мәсіхтің Тәні мен Қаны болсын.

Келесі сөйлемшелерде Тәңірдің сөздері анық етіп түсінікті айтылады:

Қ. Ол Өз еркімен Өзіңді азапқа беріп, нанды алды да және Саған алғыс айтып, үзіп алды да Өз шәкірттеріне беріп, айтты:

БӘРІҢ ОДАН ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР ЖӘНЕ ЖЕП КӨРІҢДЕР, * ӨЙТКЕНІ ОЛ СЕНДЕР ҮШІН БЕРІЛЕТІН * МЕНІҢ ТӘНІМ.

Жамағатқа шырайландырған Хостияны көрсетеді, оны патенаға салады да тізе бүгіп, оған табынады.

Сосын жалғастырады:

Қ. Осылайша, кешкі астан кейін, тостағанды да алып, Саған қайта алғыс айтты да Өз шәкірттеріне беріп, айтты:

БӘРІҢ ОДАН ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР ЖӘНЕ ІШІҢДЕР, * ӨЙТКЕНІ ОЛ МЕНІҢ ҚАНЫМНЫҢ, * ЖАҢА ЖӘНЕ МӘҢГІ КЕЛІСІМДЕРІНІҢ ТОСТАҒАНЫ * – ОЛ СЕНДЕР ЖӘНЕ БАРЛЫҚТАРЫҢ ҮШІН, * КҮНӘЛАРДЫ КЕШІРУ ҮШІН ТӨГІЛЕДІ. * ОСЫНЫ МЕНІ ЕСТЕРІҢЕ АЛУ ҮШІН ЖАСАҢДАР.

Жамағатқа Тостағанды көрсетеді, оны корпоралға қойдырады да тізе бүгіп, оған табынады.

Сосын айтады:

Қ. Сенім құпиясы.

Ж. Уа, Тәңір, Сенің өліміңді әйгілейміз, және тірілуіңді келгеніңе дейін жариялаймыз.

Немесе:

Ж. Уа, Тәңір, біз әрдайым осы Нанды жеп көргенде және осы Тостағаннан ішкенде, өліміңді келгеніңе дейін әйгілейміз.

Немесе:

Ж. Уа, Айқыш Ағаш пен тірілуімен бізді азат еткен Әлем Құтқарушысы, бізді құтқара гөр.

Немесе:

Ж. Мәсіх өлді, Мәсіх қайта тірілді, Мәсіх қайта келеді. 

Содан соң қасиеткер жайылған қолдарымен айтады:

Қ. Сол үшін, Оның өлім және тірілуін еске алып, уа, Тәңір, Саған Өмір Наны мен құтқару Тостағанын әкеліп, алғыс айтамыз, өйткені Сен бізді Сенің алдыңда тұру және Саған қызмет етуге лайықтадың. Киелі Рух Мәсіхтің Тән мен Қанына қатысқандарды бірге жиналсын деп бойсұнып жалбарынамыз.

Уа, Тәңір, бүкіл әлемде жайылған Өз Келесеңді есте сақтай гөр де оны біздің Папамыз N. және бискібіміз N. және барлық дін басылармен бірге кемеліне келтір.

Тірілуіне үміттеніп өлген біздің бауырларымызды және барлық Сенің рақымдылығыңда қайтыс болғандарды еске алып, келбетіңнің сәулесіне қабыл ала гөр. Өтінеміз: Баталы Құдайтуушы Мәриям Бикешпен, Оның әйгіленген баталы Жүсіппен, баталы Елшілермен, және барлық мәңгіден бері Саған жағып қалған әулиелермен бірге, мәңгі өміріне қатысуына және Сені мадақтау да дәріптеуге бәрімізге рақым ете гөр.

Қасиеткер Хостиямен патена мен тостағанды алып, көтереді де айтады:

Қ. Ол арқылы да, * Онымен бірге де * және Оның бойында да, * Саған, Құдіретті Әкеге, * Киелі Рухтың бірлігінде * мәңгі-бақи барлық ізет пен мадақ болсын.

Ж. Аумин.

Кейін Қатынасу жорасы басталады.

• ҚАТЫНАСУ ЖОРАСЫ •

Патена мен тостағанды  қойып, айтады:

Қ. Құтқаратын өсиеттердің арқасында рухтанған * және құдайшыл уағыздарға оқытылған, * ерленіп айтамыз:

және жамағатпен бірге жалғастырады:

Аспандағы Әкеміз, * Сенің атың қасиеттелсін, * Патшалығың келсін, * Сенің еркің аспандағыдай * жер бетінде де орындалсын. * Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр; * бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей, * біздің қарызымызды да кешіре гөр; * азғырылуымызға жол бермей, * бізді жамандықтан сақтай гөр.

Қасиеткер өзі жалғыстырып айтады:

Қ. Уа, Тәңір, Құтқарушы Иса Мәсіхтің келуін шаттыққа толы күтуіміз үшін бізді түрлі жамандықтан сақтай гөр, қазірде мол бейбіттік бере гөр; Сенің рақымдылығың арқылы нығайтылған болып, біз әрқашан күнәдан бос және түрлі абыржудан қорғалған болайық.

Ж.  Өйткені Патшалық та, күшің де және даңқың да мәңгі-бақи Сенікі.

Содан соң қасиеткер айтады:

Қ. Уа, Тәңір Иса Мәсіх, * Сен елшілеріңе айттың: * «Бейбіттік сендерге қалдырамын, Менің бейбіттігім сендерге беремін». Біздің күнәларымызды ескермей, алайда Келесеңнің сенеміне қарай, және Сенің ерігің бойынша Оған татұлық пен бірлігін бере гөр. Сен мәңгі-бақи болып тұрасың да патшалық етесің.

Ж. Аумин.

Қасиеткер жалғастырады:

Қ. Тәңірдің бейбіттігі әрқашан сендермен бірге болсын.

Ж. Рухыңмен де бірге болсын.

Содан соң диакон не қасиеткер қосады:

Қ. Бір-біріне бейбіттік белгісін беріңдер.

Жергілікті әдет-ғұрыптар бойынша барлық адамдар бейбітшілік, қатынасу және мейірім белгісін білдіреді; қасиеткер бейбітшілік белгісін диаконға не қызметшіге білдіреді. Содан соң қасиеткер Хостияны алып, патенаның үстінде оны сындырады да бөлшекті тостағанға түсіріп, ақырын айтады:

Әлемнің күнәларын алатын, * Құдай Қозысы * — бізге рақым ете гөр.

Әлемнің күнәларын алатын, * Құдай Қозысы * — бізге рақым ете гөр.

Әлемнің күнәларын алатын, * Құдай Қозысы * — бізге бейбіттік бере гөр.

Қасиеткер Хостияны алады, оны патена не тостағанның үстінен кішкене көтеріп, жамағатқа назар аударып, қатты айтады:

Қ.  Міне, * әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы. * Қозының тойына шақырылғандар жарылқанған.

Ж. Уа, Тәңір, * баспанама Сенің кіруіңе лайықты емеспін, * тек бір сөз айтсаң, * менің жаным жазылады.

Қасиеткер Мәсіхтің Тән мен Қанына қатынасады. Содан соң ол өзі не диакон жамағатқа Қатынасу үлестіреді. Қасиеткер әр қатынасатын адамға жақындап айтады:

Қ. Мәсіхтің Тәні.

Қатынасатын адам жауап береді:

Аумин.

Қатынасу үлестіруін аяқтап, қасиеткер, диакон не аколит, тостағанның үстінен патена мен тостағанды өзі де тазалайды. Қасиетті тыныштық пен Қатынасу ән айтуы аяқталған соң ол жамағатты дұға етуге шақырады:

Қ. Дұға етейік.

Және барлық адамдар, егер алдында болса, қасиеткермен бірге тыныштықта дұға етеді. Қатынасудан кейін қасиеткер жайылған қолдарымен дұға етеді, ал жамағат жауап береді:

Ж. Аумин.

• ҚОРЫТЫНДЫ ЖОРА •

Қасиеткер, жамағатқа назар аударып, қол жаяды да айтады:

Қ. Тәңір сендермен бірге болсын.

Ж. Рухыңмен де бірге болсын.

Қ. Құдіретті Құдай Әке, Ұл және Киелі Рух сендерді жарылқасын.

Ж. Аумин.

Кейбір күндері не белгілі жағдайда осы бата беру тәртібінің алдыңда, айдарға сәйкес, басқа салтанатты бата беру тәртібі немесе жамағат үшін Дұға болып өтеді. Понтификал Мессада басқарушы митраны киіп және қолдарын жайып, айтады:

Б. Тәңір сендермен бірге болсын.

Ж. Рухыңмен де бірге болсын.

Б. Тәңірдің аты мақтаулы болсын.

Ж. Бүгіннен де мәңгіге.

Б. Медетіміз Тәңірдің атында.

Ж. Ол аспан мен жерді жаратты.

Б. Құдіретті Құдай Әке, Ұл және Киелі Рух сендерді жарылқасын.

Ж. Аумин.

Содан кейін диакон немесе қасиеткер өзі қусырылған қолдарымен жамағатқа назар аударып, айтады:

Қ. Барыңдар, Месса орындалды.

Ж. Құдайға алғыс айтамыз.