Тәңірдің Періштесі (Angelus)

Әу. Жәбірейіл Басперіште Киелі Мәриям Бикешті сәлемдесіп, Оған Құдай Ұлының Анасы болатынын жариялайды. Біз осы дұғаны күнінде үш рет оқимыз: ертеңде, талтүсте (сағат 12:00 pm) және кешкілікте. Пәсіх Кезеңінде “Тәңірдің Періштесі” (“Angelus”) дұғасының орнына “Қуан, Аспан Патшайымы” (“Regina Cæli”) оқимыз. 

℣: Тәңірдің Періштесі Мәриямға жариялады да.

℟: Ол Киелі Рухтан құрсақ көтерді.

℣: Сәлемет бол, Мәриям, берекеге толы, Тәңір Сенімен бірге; әйелдердің арасында баталысың және құрсағыңның ұрығы Иса да баталы. ℟: Әулие Мәриям, Құдай Анасы, біз күнәкарлар үшін қазір де және ажалымызда да дұға ете гөр. Аумин.

℣: Міне, Тәңірдің құлымын.

℟: Айтқан сөзің бойынша Маған болсын.

℣: Сәлемет бол, Мәриям…

℣: Сөйтіп Сөз тәнге айналды да.

℟: Арамызда қоныстанды.

℣: Сәлемет бол, Мәриям…

℣: Әулие Құдайтуушы, біз үшін дұға ете гөр.

℟: Мәсіх берген уәделеріне лайық табылайық.

Дұға етейік: Уа, Тәңір, өтінеміз: * жүректерімізді берекеңе толтыра гөр. * Періштенің сәлемдесуының арқасында * Мәсіх Ұлыңның тәнге айналуын пайымдап, * Оның азабы мен Айқышы арқылы * тірілу даңқына жетейік. * Тәңіріміз Мәсіх арқылы. * Аумин.

 

℣: Әке, Ұл * және Киелі Рух басында болғандай. ℟: Қазір де, әрқашан да * және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.

 

℣: Уа, Тәңір, мәңгі тыныштықты марқұмларға бере гөр.

℟: Оларға мәңгі жарық жарқырасын.

℣: Олар бейбіттікте тыным тапсын.

℟: Аумин.