Қуан, Аспан Патшайымы (Regina Cæli)

℣: Қуан, Аспан Патшайымы! Хәлелуя!

℟: Өйткені Сен Оны көтеруге лайық болдың, Хәлелуя!

℣: Ол Өзі айтқандай, қайта тірілді, Хәлелуя!

℟: Құдайға біз үшін дұға ете гөр, Хәлелуя!

℣: Қуан да көңілден, Мәриям Бикеш, Хәлелуя!

℟: Өйткені Тәңір шынында қайта тірілді, Хәлелуя!


Дұға етейік: Уа, Құдай, * Сенің Ұлың, Тәңіріміз Иса Мәсіхтің * Қайта Тірілуінің арқасында әлемді қуандырдың; * өтінеміз: * Оның Анасының, Мәриям Бикештің, жақтаушылығы арқылы * мәңгілік өмірдің  бақытына ие болайық. * Тәңіріміз Мәсіх арқылы. * Аумин.