Әу. Игінас Лойоланың дұғасы (Anima Christi)

Мәсіхтің Жаны, шырайландыра гөр мені.
Мәсіхтің Тәні, құтқара гөр мені.
Мәсіхтің Қаны, қандыра гөр мені.
Мәсіхтің қабырғасынан ағып кеткен су, жуғыза гөр мені.
Мәсіхтің азабы, нығайта гөр мені.
Уа, ізгі Иса, ести гөр мені.
Жараларыңда жасыра гөр мені.
Сені қалдыруыма рұқсат бермей.
Зұлым жаудан сақтай гөр мені.
Ажалымда шақыра гөр мені,
әулиелеріңмен бірге
Сені мәңгі-бақи мадақтау үшін
Саған келуіме әмір ете гөр.
Аумин.