Әу. Патриктің дұғасы

Осы дұғаның Ирландиялық әу. Патрик деген ауторы. 

Мен бүгінде

Мәсіхтің Туылуы және Оның Шоқыну күшімен,

Оның шегелену мен көмілдену күшімен,

Оның қайта тірілу мен аспандау күшімен,

Оның қиямет күні келу күшімен

шығамын;

Мен бүгінде

Керубтардың мейірімі күшімен,

Періштелердің бойсұну күшімен,

Басперіштелердің қызметі күшімен,

Ақсақалдардың дұғалары күшімен,

Пайғамбарлардың хабарлануы күшімен,

Елшілердің уағыздары күшімен,

Сенушілердің сенімі күшімен,

Әділ адамдардың әрекеттері күшімен

шығамын;

Мен бүгінде

Аспан күшімен,

Күн сәулесімен,

Ай жарығымен,

Алау даңқымен,

Найзағай шапшандығымен,

Желдің екпінімен,

Теңіздің тереңдігімен,

Жердің тұрақтылығымен,

Тастың бекімдігімен

шығамын;

Мен бүгінде

мені жетелейтін Құдай күшімен,

мені нығайтатын Құдай құдіретімен,

мені бағыттайтын Құдайдың даналығымен,

мені қорғайтын Құдайдың көзімен,

мені тыңдайтын Құдайдың құлағымен,

маған сөйлейтін Құдайдың сөзімен,

мені қорғайтын Құдайдың қолымен,

мені сақтайтын Құдайдың әскерімен

ібілістің амал-әрекеттерге, сұмқай азғыруына, дене күйтшілдікке,

маған жамандықты тілейтіндерге

қарсы шығамын;

Мәсіх қазірде мені қорғайды,

Мәсіх менімен бірге,

Мәсіх менің алдымда,

Мәсіх менің артымда,

Мәсіх менде,

Мәсіх астымда,

Мәсіх үстімде,

Мәсіх оң жағында,

Мәсіх ол жағында,

Мәсіх мен жатқаным жерде,

Мәсіх мен отырғаным жерде,

Мәсіх мен тұрғаным жерде,

Мәсіх мен туралы ойлайтын жүрегінде,

Мәсіх мен туралы сөйлейтін ауызында,

Мәсіх мені көретін көзінде,

Мәсіх мені тыңдайтын құлағында,

Мен бүгінде

Үштікті шақыруының,

Үштікке сенімнің,

Жаратушының бірлігін әйгілеуінің

ұлы күшімен шығамын;

Құтқару Құдайдан келеді,

Құтқару Құдайдан келеді,

Құтқару Құдайдан келеді.

Аумин.