Мәсіх Мәуліт кезеңдегі өлеңдер (кәленділер)

АДВЕНТ (КЕЛІС)

АДВЕНТ КЕЛЕДІ (Адвент Наступает)

1.  Адвент келеді – қуаныш жақын,

Алғашқы  майшам жағылды,

Пайғамбар хабарлайды адамдарға:

«Дайындаңдар жолды Құдайға!»

R: Құдайға бәрі ән айтыңдар,

Қуаныңдар, адамдар!

2. Адвент келеді – қуаныш жақын,

Екінші майшам жылтырайды.

Кешіріндер – бұл ардақты қасиет,

Тәңір Иемізден өсиет.

R: …

3. Адвент келеді – қуаныш жақын,

Үшінші майшам жарық береді.

Мейіріммен бәрі де толсын,

Жер бетіміз жаңаласын.

R: …

4. Адвент келеді – қуаныш жақын,

Төртінші майшам жарқырайды.

Құдай келеді, кешіктірмейді,

О, адам, қабыл ал Оны!

КӨКТЕГІ ШЫҚ

1. О, көктегі шық, о құтқарылым:

Тәңір, кешіре гөр. (2 рет)

2. Нұрды шашасың, әлемді жұбатасың:

Мәсіх, кешіре гөр. (2 рет)

3. Бізге көктен кел, Иса Құдай Ұлы:

Тәңір, кешіре гөр. (2 рет)

МӘСІХ МӘУЛІТ (МӘСІХТІҢ ТУЫЛУЫ)

ТЫНЫШ ТҮН (Stille Nacht)

1. Тыныш түн, киелі түн,

Бәрі тынық да нұрлы,

Үңгірде майшам жылтырайды;

Әулие жұбы қалғымайды,

Бесікте жатыр сәби,

бесікте жатыр сәби.

2. Тыныш түн, киелі түн,

Бүкіл жер шырайланды.

Періште көктен ұшады;

Бақташыларға айтады:

«Мәсіх сендерге туылды,

Мәсіх сендерге туылды!»

3. Тыныш түн, киелі түн,

Көктен жұлдыз жарқырайды;

Бақташылар жолға шықты,

Бетлехемге олар келеді:

Онда Мәсіхті көреді,

онда Мәсіхті көреді.

4. Тыныш түн, киелі түн,

Бақытты бәрі күтеді,

Мәсіхке бәріміз келейік,

Қуанышымызды табайық.

Мәңгі мадақ Құдайға,

мәңгі мадақ Құдайға!

КЕЛІҢДЕР (Adeste Fideles)

1. Келіңдер, барлығың, 
Шаттанып Тәңірге, 
Келіңдер, келіңдер Бетлехемге, 
Періштелермен 
“Хосанна” жырлаймыз.

R: Кел, сиынайық Оған,
Кел, сиынайық Оған,
Кел, сиынайық Оған – Тәңірге!

3. “Мәсіх туылды!”, –
Періште хабарлады. 
Мәсіх адам болып бізге туылған, 
Оның бесігіне
Асығып барамыз.

R: …

4. Киелі Құдайдың 
Даңқты жайнауы
Момын Сәбиде жасырылған. 
Құдай-Сәбиді
Мәңгі мадақтаймыз.

R: …

5. Біз барлық үшін 
Аса Қиналғанды
Құрметпен қарсы аламыз, 
Мейірімізбен
Оны әлпештейміз.

ТЫНЫШ ТҮНДЕ (Wśród Nocnej Ciszy)

1. Тыныш түнде Періште хабарлады:

«Қуаныңдар бәрің – Мәсіх туылды!»

Бақташылар, асығыңдар,

Бетлехемге тез жүріңдер, –

Сәбиге мадақ!

2. Кім көрсетеді Мәсіх қай жерде?

Тура жолдар қалаға апарады,

Бесікте Сәби мүлгейді,

Мәриям Оны әлпештейді,

Бақташылар мұнда.

3. Мұнар болғанда, қараңғы түнде

Жарық әкелдің Сен осы жерге,

Ұзақ уақыт пайғамбарлар

Оны күтті Шығыс жақтан,

Момын нәресте!

4. Таң атқанда шіркеуге барамыз,

Жарқын үмітте дұга етеміз:

Әр күнде ақ нан түрінде

Тәңір бізге мол түседі,

Мәңгілік Патша.

НҰР КЕЛДІ
1. Нұр келді бізге Нәрестеде:Тәңір, кешіре гөр. (2 рет)

2. Көк пен жұмыр жер Сәбиге сыйынады:

Мәсіх, кешіре гөр. (2 рет)

3. Даңқтың жайнауы, мәңгілік Патша:

Тәңір, кешіре гөр. (2 рет)

КИЕЛІ ТҮН (O Holy Night)

Сөздер: Пласид Каппо

Ән сазы: Адолф Чарлз Адам

Аударма: Максим Пермин

1. Киелі түн! Жұлдыздар жарқырады –

Иса Мәсіхтің бұл туған түні.

Күнәларға әлеміз батып барды,

Бірақ Тәңір әлемізді құтқарды.

Үміт жүрегімізді толтырады,

Жаңа өмір алдымыздан шықты.

Тағзым етіп, тыңда періштелерді!

Мәсіх туған, туған осы түнде!

Туған! Туған! Мәсіх бізге туған!

2. Аспан нұры қайғыны тарқатады,

Ақыр айналасында біз жиналдық.

Ғұламалар нұрлы жұлдызға еріп,

Шығыстан Бетлехемге келеді.

Патшалардың Патша ақырға салған,

Ол құтқаруымыз ушін туған.

Өмір сүріп, азапты түсінеді:

Міне – Патшаң сенің! Сенің Патшаң!

Міне! Міне – Патшаң! Сенің Патшаң!

3. Сүй’спеншілік заңын Ол бізге берді,

Ізгі Хабар – Оның бейбіттігі.

Тұтқындарды күнәдан босатады;

Оның есім күш-қуат береді.

Әуендетіп Тәңірге ән салайық,

Оның есім мәңгі мадақталсын.

Мәсіх – Тәңір! Оған тізе бүгейік.

Иса Мәсіх мәңгі мадақталсын!

Иса Мәсіх мәңгі мадақталсын!

ДӘУІТ ПАТША ҚАЛАСЫНДА (Once In Royal David’s City)

Сөздер: Cecil Frances Alexander, 1823–1895
Ән сазы: Henry John Gauntlett, 1805–1876
Аударма: белгісіз

1. Дәуіт Патша қаласында
Тұрды бір мал қорасы.
Анасы Баласын салды,
Төсек етіп астауды.
Ол Ана – Мәриям еді,
Иса Мәсіх – Баласы.

2. Ол аспаннан келген еді,
Өзі Құдай, Тәңір де.
Пана болып мал қора да,
Бесік болды мал орны.
Кедей болып жәй ғана,
Өмір сүрді ғой Иса.

3. Ғажайып балалық шақта,
Игілікпен бағынды.
Аялап баққан Әйелді,
Сүйінішпен қарады.
Құдайдың бар баласы
Жақсы болсын дәл сондай.

4. Балалық шағы Оның да
Біздей өтті күнбе-күн.
Әлсіз, дәрменсіз бұл бөбек
Бірде жылап, бір күліп,
Қайғырсақ Ол да ренжіп,
Қуансақ Ол қуанды.

5. Оның таза махаббатын
Көзімізбен кӛреміз.
Аспандағы Иеміз де,
Сол Балаға мейірбан.
Өзі тұрған жерлерге
Балаларын жетелер.

6. Енді Ол қорада емес,
Өгіз тұрған қасында.
Кӛреміз Оны Аспанда
Құдайдың оң жағында.
Балалары тәж киіп,
Бәрі жүрер қасында.