Әу. Жохан Енрік Ньюмен кәрдіналдың дұғасы

Табыну, мадақтау және ризашылық

(Ағылшын кәрдіналы – әу. Жохан Енрік Ньюмен – бұл дұғаны жазды)

 

Уа, Құдайым, Саған табынамын:
Сен – маған ақыл беретін даналықсың.
Сен – маған ерік беретін еріксің.
Сен – мені қалыптастыратын қуатсың.
Сен – мені көтеретін рақымсың.
Сен – мені шақыратын дауыссың.
Сен – маған сөйлетін Сөзсің.
Сен – маған берілетін игіліксің.
Сен – мені кешіретін қайырымдылықсың.
Сен – маған билетін сүйіспеншіліксің.
Сен – мені рухтандыратын Рухсың.
Сен – мені жүргізетін болжағыштықсың.
Сен – мені толтыратын тыныштықсың.
Сен – маған қозғау салатын әулиеліксің: мен Сені көрмейінше тыныштықты алмаймын.
Уа, Құдайым, Саған табынамын. Аумин.