Киелі Рух әнұраны (Veni Creator Spiritus)

Тыңдау: https://youtu.be/Kphky63gK5I

Осы әнұран 1 қаңтарда не Елукүнде (Киелі Рухтың Қонуы Мейрамында) салтанатты түрде айтқан мәсіхшілер толы индулгенсті алады.

 

1. Рухтандырушы, кел бізге.
Жүрегімізді толтырып,
Жаратылысты құтқарып,
Мәңгі өмірді бізге бер.

2. Әлеміздің Жұбанышы,
Құдайдан салған Сыйлығы,
Жүрегімізді нығайтып,
Берекеге бізді толтыр.

3. Жеті сыйдың Берушісі,
Құдай Әкенің Қуаты,
Киелі Сөзің арқылы
Тілдерімізді жаңарта.

4. Өйымызды жарық қылып,
Сүйіспеншілікке толтыр.
Біздің әлсіз денемізді
Күш-қуатыңмен нығайты.

5. Зұлым жауды қуып жібер.
Бейбіт бізбен бірге болсын.
Бізді азғыратын қастық
Бізді мәңгіге қалдырсын.

6. Бізді Әкеге алып бар.
Оның Ұлын біз білейік.
Уа, Мәңгі Құдай Тынысы,
Сені мәңгіге тыңдайық.

7. Құдай Әке мадақталсын,
Оның тірілген Ұлына
Қасиетті Рухпен бірге
Мәңгі-бақи мадақ болсын.
Аумин.

℟: Уа, Киелі Рух, кел бізге; сенушілеріңнің жүректерін толтыра гөр.
℣: Олар сүйіспеншілігіңмен жалындансын.
℟: Барлығын жандандыру үшін Рухыңды жібере гөр.
℣: Жер бетін жаңарта гөр.

Дұға етейік: Уа, Құдай, сенушілеріңнің жүректерін Киелі Рухтың жарығымен арайландырдың. Бойсұнып өтінеміз: осы Рух арқылы әділдікті түсініп, Оның жұбанышы арқылы әрқашанда қуанайық. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.