Бейбітшілік үшін дұға (“Әулие Франсистің дұғасы”)
Бейбітшілік үшін дұға (“Әулие Франсистің дұғасы”)

Бейбітшілік үшін дұға (“Әулие Франсистің дұғасы”)

 

Осы дұға “Ассизилік Әулие Франсистің дұғасы” деп жиі-жиі аталады, бірақ әу. Франсис бұл мәтіннің ауторы емес.

 

Уа, Тәңір, Сенің тыныштығыңды таратушы
мені етіп қой деп өтінемін.
Мен өшпенділік бар жерде – cүйіспеншілікті де,
өкпе бар жерде – кешірімді де,
араздық бар жерде – татуластыруды да,
күмән бар жерде – сенімді де,
адасу бар жерде – шындықты да,
торығу бар жерде – үмітті де,
қараңғылық бар жерде – нұрыңды да,
қайғы бар жерде – қуанышты да келтірейін деп өтінемін.
Уа, Ұстаз Құдайым,
мен жұбаныш алған орнына басқаларға жұбаныш берейін,
мен түсінген болған орнына басқаларды түсіне берейін,
мен жақсы көрінген болған орнына басқаларды жақсы көрейін деп өтінемін.
Өйткені біз басқаларға жай бергенде, аламыз;
өз пайдамызды ұмытқанда, өзімізді табамыз,
басқаларға кешірім бергенде, кешірім аламыз,
өліміз арқылы мәңгілік өмірде тірілеміз.
Аумин.