Мәриям Бикеш арналған антифондар

АНТИФОН I – Alma Redemptoris Mater
Бұл антифон Келіс (Адвент) кезінен бастап Тәңірімізді Ғибадатханаға Ұсыну мерекесіне (2 ақпан) дейін оқытылады:

Уа, Құтқарушының емізетін Анасы,
Аспан Қақпасы мен теңіз Жұлдызы,
бұзылудан көтерілуге тырысатын халқына көмек көрсете гөр;
Сен Жәбірейілдің сәлемдесуын қабылдап,
жаратылыстың таңғалдырғанында Киелі Жаратушыңды таптың;
Мәңгі қыздықты Бикеш, бізге, күнәкарларға, рақым ете гөр.

℣: Тәңірдің Періштесі Мәриямға жариялады да.
℟: Ол Киелі Рухтан құрсақ көтерді.

Дұға етейік: Уа, Тәңір, өтінеміз: жүректерімізді берекеңе толтыра гөр. Періштенің сәлемдесуының арқасында Мәсіх Ұлыңның тәнге айналуын пайымдап, Оның азабы мен айқышы арқылы тірілу даңқына жетейік. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

Мәсіх Мәуліттің I Кешкі Дұғасынан бастап Тәңірімізді Ғибадатханаға Ұсыну мерекесіне (2 ақпан) дейін:

℣: Уа, Бикеш, босануыңнан кейін бұзылмаған қалдың.
℟: Уа, Мәриям Қудайтуушы, біз үшін өтініш ете гөр.

Дұға етейік: Уа, Құдай, баталы Мәриям Бикештің пәк тазалығы арқылы Сен адамзатқа мәңгілік өмір бердің. Өмірдің Берушісіні дүниемізге әкелген Мәриям Бикеш біз үшін өтініш етсін деп Сені өтінеміз. Сенің Ұлың Тәңіріміз Иса Мәсіх арқылы. Аумин.

 

 

АНТИФОН II – Ave Regina Cælorum
Бұл антифон Тәңірімізді Ғибадатханаға Ұсыну мерекесінен (2 ақпан) бастап Ұлы Сенбіде дейін оқытылады:

Сәлемет бол, Аспан Патшайымы,
Сәлемет бол, Періштелер Ханшайымы,
Сәлемет бол, Негіз пен Қақпа,
Сен Құдай Нұрыны дүниеге көрсеттің.
Қуан, уа, даңқалған Бикеш,
Адамдардың бәрінің арасында ең әсемсің.
Сәлемет бол, уа, Әдемі Бикеш,
Мәсіхке біз үшін дұға ете гөр.

℣: Уа, Киелі Бикеш, Сені мадақтайын.
℟: Жауларыңмен күресімде маған күш-қуаты бере гөр.

Дұға етейік: Уа, Қайырымды Құдай, әлсіздік болғанымызда бізге көмектесе гөр, өтінеміз. Құдай Анасын дәріптегенімізде Оның көмегі мен қорғауы арқылы әділсіздігімізден құтылайық. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

 

АНТИФОН III – Regina Cæli
Бұл антифон Тәңіріміздің Қайта Тірілу (Пәсіх) мейрамынан бастап Киелі Рух Қонуы (Елукүн) мейрамына дейін оқытылады:

Қуан, Аспан Патшайымы! Хәлелуя!
Өйткені Сен Оны көтеруге лайық болдың, Хәлелуя!
Ол Өзі айтқандай, қайта тірілді, Хәлелуя!
Құдайға біз үшін дұға ете гөр, Хәлелуя!

℣: Қуан да көңілден, Мәриям Бикеш, Хәлелуя!
℟: Өйткені Тәңір шынында қайта тірілді, Хәлелуя!

Дұға етейік: Уа, Құдай, Сенің Ұлың, Тәңіріміз Иса Мәсіхтің қайта тірілуінің арқасында әлемді қуандырдың; өтінеміз: Оның Анасының, Мәриям Бикештің, жақтаушылығы арқылы мәңгілік өмірдің бақытына ие болайық. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

 

АНТИФОН IV – Salve Regina
Киелі Рухтың Қонуы (Елукүн) мейрамынан соң дүйсенбіден бастап Келіс (Адвент) кезінде дейін:

Сәлемет бол, Патшайым, Мейірімділіктің Анасы,
Сәлемет бол, Өміріміз, Рақатымыз және Үмітіміз.
Біз, Хауаның қуылған балаларымыз, Сені шақырамыз,
Саған күрсінеміз, бұл зарлы аңғарда
ыңыранамыз да жыламыз.
Сондықтан, уа, Қорғаушымыз,
мейірімді көздеріңді бізге көрсете гөр,
және осы құғынымыздан кейін
Исаны – құрсағыңның баталы Ұрығы – бізге көрсете гөр.
О, жуас, о, сүйікті, о, ізгі Мәриям Бикеш.

℣: Әулие Құдайтуушы, біз үшін дұға ете гөр.
℟: Мәсіх берген уәделеріне лайық табылайық.

Дұға етейік: Уа, Құдай, Сен біздің баспанамыз да күш-қуатымызсың; Сені шақыратын халқыңа мейіріммен қарап, даңқты мен күнәсіз Мәриям Бикеш Қудайтуушының жақтаушылығы арқылы, Онын әулие Күйеу Жүсіппен бірге де, әулиелер Петір мен Пауыл Елшілеріңмен бірге де, барлық Әулиеріңмен бірге де біздің дұғаларымызды мейіріммен тыңдай гөр. Күнәкарлар тәубеге қылып, Киелі Кілесе-Анамыз босатқан да көтерілген болсын деп біз осындай өтінеміз. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

 

АНТИФОН V – Sub Tuum Præsidium
Үйреншікті антифон

Сенің қорғанышыңа сүйенеміз,
уа, Киелі Құдай Анасы.
Зар заман жалынышымызды елемей гөр,
алайда барлық қауіп-қатерімізден
бізді әрқашан сақтай гөр,
уа, даңқты және баталы Бикеш.
Уа, Ханшайымыз, Қорғаушымыз,
Қолдаушымыз, Жұбатушымыз.
Ұлыңмен бізді татуластыра гөр.
Ұлыңа бізді табыстай гөр.
Ұлыңа бізді тапсыра гөр.

 

АНТИФОН VI – Tota Pulchra Es
Үйреншікті антифон

Сен тұтастай әдемісің, Мәриям.
Тұңғыш күнә Сенде жоқ.
Сен Жерісәлемнің даңқысың.
Сен Исраилдың ғанибетсің.
Сен халқымыздың мақтанышсың.
Сен күнәкарлардың қорғаушысың.
Уа, Мәриям,
ең дана Бикеш,
тез қайырымды Ана, 
біз үшін дұға ете гөр.
Тәңіріміз Иса Мәсіхке
біз үшін өтініш ете гөр.