Мәриям Әлем Патшайымына айтылатын тапсыру әрекеті

 
1995 жылғы 25 маусымда Ленга Ян Павел бискіп Қазақстан мен Орталық Азияды Мәриям Құдайтуушының қамқорлығына тапсырды. Содан бері осы тапсыру әрекеті жыл сайын жаңартылады. Қазірет Әке Жохан Пауыл II Папа Қазақстанға сапары кезінде (2001 жылғы 23 қыркүйек) осы жерімізді Қасиетті Мәриям Бикешке дұғасымен тапсырды.

 

      Уа, Әлем Патшайымы, Құдай Ұлы Иса Мәсіх Анасы, уа, біздің Анамыз. Біз Саған сүйіспеншілік пен құрмет, сенім мен ризашылық білдіреміз. Біз Сенің алдыңда адамзат тарихының ерекше кезінде – үшінші мыңжылдық басында тұрмыз. Осы кезінде адамзат біртұтас отбасына айналуға ұмтылады; алайда адамзат бөліп қалады, ол жанжалдар мен соғыстардың артынан жарақат алып қалады. Біз Сенің алдыңда әлеміздің ерекше жерінде – Еуразия құрлығында тұрмыз; көптеген ұлттар мен діндердің өкілдері арқылы бір-бірімен бірге тұратын жерде тұрмыз.
      Уа, Құдайдың Бекүнә Анасы, Сен күн шыққан белгісі болған таңғы жұлдыз секілдісің; Сен Құтқарушының келуінің бастаушысы едің. Сен адамдарға Құдай жолын жақсырақ көрсетуіңе сенеміз. Сен Әлем Патшасын – Иса Мәсіхті таптың. Ол Айқышта өлген кезінде Саған бар адамзатты тапсырды. Анамыз бен Патшайымымыз бол. Уа, қажымайтын Көмекшіміз, бізді Құдайға жеткізе гөр.
      Уа, Әлем Патшайымы, Кілесенің Анасы, біз Қазақстан мен Орталық Азиядаяғы Католик Кілесесін де, Мәсіхке бар сенетіндерді де, Біртұтас Құдайға сенетіндерді де, ізгі тілек адамдарды да Сенің Күнәсіз Жүрегіңе тапсырып отырмыз. Құдай Тағала олардың сенім мен адалдықтарын біледі.
      Уа, азапкерлердің Патшайымы, Мәсіх секілді барлық азап шеккен адамдардың қаны мен жылауына қарап қой: олар шындық пен әділдік үшін азап шекті. Уа, Мәриям, бізге және бүкіл дүниеге Әлем Патшайымы екеніңді көрсете гөр. Күллі халықтар Сені «Құдай жарылқаған жан» деп атап, Сен арқылы Құдайға баратын жол таба алсын. Аумин.