Франсис Папа

     

Франсис Папа (Хорхе Марио Берголио / Jorge Mario Bergoglio) 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос Айресте (Buenos Aires) дүниеге келген. Ол дәстүрлі италияндық көп балалы отбасынан келеді. Франсис Папа ерте жастан қуаныш пен ақкөңілдікке толы болған еді, және оның рухани өмірі мен қасиеткерлік қызмет етуі бұрынғысындай. Ол бастауыш мектепті бітіріп, химия техникумын бітірді. Ол кезде ол өзінің кәсіби білімін аяқтап, Буэнос Айрестің жақындағы Вилия Девото (Villa Devoto) қаласында рухани семинариялық оқуды бастады. 1958 жылғы 11 наурызда ол исашылардың тариқатқа кірді (лат. Societas Iesu (SJ), қаз. Исаның Қоғамы, орыс. Общество Иисуса, ағыл. Society of Jesus). Уақытша Чилиде қалғанында ол өзін хуманитарлық ғылымдарға арнады. Кейінірек ол Буэнос Айрестің жақындағы Сан Мигел (San Miguel) қаласындағы Әу. Жүсіп Жоғары Коллегиясында (Colegio Máximo de San José) оқып, пәлсапаның лиценциат дәрежесін қорғады. Санта Фе (Santa Fe) қаласындағы Бұзылмаған Ұрықталу Коллегиясында (Colegio de la Inmaculada Concepción) ол жантану мен әдебиет саласында оқиды. Ол ұзамай тап сонда дәріс оқиды. Содан соң ол апокрифтерді зерттеді. Ол 1967-1970 жж. Сан Мигел қаласындағы Әу. Жүсіп Жоғары Коллегиясында құдайтану білімдерін оқып, әу. Франсистің өмір мұраттарын танысады. Ол 1969 жылы 13 желтоқсанда қасиеткершілік мәртебеге ие болған, және 1973 жылы 22 сәуірде ол мәңгілік тариқаттық анттар берді.

     1992 жылы 20 мамырда ол Буэнос Айрестің ауксилиарлық бискіп етіп тағайындалған еді. Ол 1998 жылы коадиуторлық басбискіп өкілеттігіне ие болған еді. Сондай-ақ ол шығыс рәсімдерінің сенушілердің ординаршы болған еді. Ол Аргентина Католик Университеттегі Бас Кеңсегері және Аргентина Бискіптердің Конференсінің вице-төрағасы болған еді. 2001 жылы ақпан айында әу. Жохан Пауыл II Папа оны кәрдінал етіп тағайындады. Ол 75 жасқа толып, өз Буэнос Айрестегі бискіп-метрополиттік өкілеттігін тапсырды, бірақ ол 2013 жылы Папаға сайлағанға дейін осы лауазымды атқарған еді. Ол Ғибадат пен Құпияшылдықтар Қауымының да, Молдалар туралы Қауымның да, Отбасылар туралы Қауымның мүшесі болған еді. Ол Латын Америкасы істері жөніндегі Папалық Комиссияның мүшесі болған еді. Ол 2005-2011 жж. Аргентина Бискіптердің Конференсінің төрағасы болған еді.

     2013 жылы 13 наурызында ол 266-ші Папа болып сайланды. 2013 жылы 5 шілдесінде «Lumen Fidei» (лат. Сенім Жарығы) энцикликасы пайда болды – оның алғашқы энцикликасы. 2015 жылы оның екінші энцикликасы – «Laudato si’ (ит. Сені дәріптелсін) – пайда болды. Бір жыл бұрын, оның күш-жігерінің арқасында Жохан Пауыл II қағидадандыру (яғни әулиелер қатарына қосылу) болды.

«Тәңір кейде бізден өтеді, бірақ біз Оны байқамаймыз; біз Оны жақсы “білеміз”, алайда біз Оны тани алмаймыз. Дұға бізді сезімталдыққа жеткізеді және Ол өтіп бара жатқанында бізге Оны байқауға мүмкіндік береді.»
Франсис Папа