Әртүрлі ниеттеріміздің дұғалары

 

ӘРТҮРЛІ МҰҚТАЖЫҚТАР КЕЗІНДЕ ДҰҒАСЫ

      Уа, Құдіретті Әке, маған әлсіздік болғанымда көмектесіп, үлкен мұқтаждылығымнан сақтай гөр.
      Уа, Құдай Ұлының Даналығы, менің барлық ойларым мен істерімді басқара гөр.
      Уа, Киелі Рухтың Сүйіспеншілігі, жүрегім әрдайым Құдай еркіне бағындырылсын деп жанымның істерін басқара гөр. Аумин.

(Леон XIII Папа)

 

ЖЫНДАРДЫҢ ӘСЕРІНЕ ҚАРСЫ ДҰҒАСЫ (ЭКЗОРЦИЗМ)

Сенушілер осы дұғаларды (экзорцизмдерді) жын күштерінің адамдарға әсері болған жағдайда өздері үшін де, басқа адамдар үшін де пайдалана алады. Сонымен қатар киелі суын, крусификсті (үстел не қабырға айқышы) пайдаланып, айқыш белгісі орындалады.

            Исаның атына және Мәриям Бикештің атына сендер, жындар, бізден және осы жерден кетіп қалдыңдар. Бізді азғырмаңдар. Бізге зиян келтірмеңдер. Иса мен Мәриям, Иса мен Мәриям, Иса мен Мәриям. Уа, әулие Михайыл, біз үшін шайқас. Уа, киелі Қорғаушы Періштелеріміз, бізді жындардың қастықтарынан қорғай гөр.

            Құдай Әкенің жарылқауы, Құдай Ұлының сүйіспеншілігі, Киелі Рухтың күші, Аспан Патшайымының ана қамқорлығы, киелі періштелердің көмегі, барлық әулиелердің қорғаушылығы бізбен бірге әрдайым болып, бізді әр жерде мен әр уақытта жетелсін. Аумин.

 

НАУҚАСТАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДҰҒАСЫ

            Уа, Құдіретті Мәңгілік Құдай, сенушілердің мәңгілік құтқаруы – Сенсің. Науқастар үшін айтылатын дұғаларымызды тыңдай гөр; оларға Өз қайырымдылық пен көмегіңді көрсете гөр. Уа, өмір Қайнары, науқастар аурудан қайта жазылып, Саған алғыс айтып, шын жүрегімен Сенімен байлаңысында қуансын. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

 

БІР МАРҚҰМ ҮШІН ДҰҒАСЫ

℣: Уа, Тәңір, мәңгі тыныштықты марқұмға бере гөр.

℟: Оған мәңгі жарық жарқырасын.

℣: Ол бейбіттікте тыным тапсын.

℟: Аумин.

℣: Тәңір, рақым ете гөр.

℟: Мәсіх, рақым ете гөр.

            АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ,

            Сенің атың қасиеттелсін;

            Патшалығың келсін;

            Сенің еркің аспандағыдай

            жер бетінде де орындалсын.

            Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;

            бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,

            біздің қарызымызды да кешіре гөр;

            азғырылуымызға жол бермей,

            бізді жамандықтан сақтай гөр.

            Аумин.

℣: Уа, Тәңір, тозақ қақпасынан.

℟: Оның жанын сақтай гөр. Аумин.

Дұға етейік: Уа, Мейірімді де Кешірімді Құдай, бұл дүниеден Сен арқылы шақырған қызметшіңнің (N.) жаны үшін бойсұнып дұға етеміз. Оның жанынды зұлым жаудың қолына бермеп, оны мәңгі-бақи ұмытпай гөр. Сенің киелі періштелерің оның жанын қабылдап, аспан мекеніне әкелсін деп әмір ете гөр. Ол Саған өмір бойы сеніп, үміттенген еді: тозақ азабына ұшырамап, мәңгілік өміріндегі бақытына лайық табылсын. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

 

ОТБАСЫЛАР ҮШІН ДҰҒАСЫ

        Уа, Құдай, Сен – аспандағыдай жер бетінде де әкелік қайнарсың. Уа, Әке, Сүйіспеншілік пен Өмір – Сенсің; әлеміздегі әр отбасы «әйелден туған» Сенің Ұлың Иса Мәсіх арқылы және Құдай Сүйіспеншілігінің Қайнары Киелі Рух арқылы тұрақты жаңартылған ұрпақтар үшін өмір мен сүйіспеншіліктің киелі орны болсын. Аумин.

 

ЕЛ БИЛЕУШІЛЕР МЕН ХАЛЫҚ ҮШІН ДҰҒА

         Уа, Құдіретті Қайырымды Құдай, Сен біздің халқымыздың әділдік пен бейбіттік рухында Сенің атыңа басқарылуын қаласың. Сенің халқыңның басқарушыларды қолдай гөр: олар Сенің даңқыңды арттырып, өсиеттеріңді орындып, біздің елімізде бейбітшілікті қолдайсын деп өтінеміз. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

 

ТҰТҚЫНДАР ҮШІН ДҰҒА

         Уа, Құдіретті Қайырымды Құдай, Сен тек қана жүректердің құпияларын біліп, күнәкарларға кешірім бересің. Тұтқындар үшін айтылатын дұғаларымызды тыңдай гөр: тұтқындардың үміт пен сабырлығына қарап, оларды азаптарынан сақтай гөр; олар еркіндікке аман-есен тезірек шығып, әділ мен пәділетті өмір жетсін. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.