НЕГІЗГІ ДҰҒАЛАР
-
Айқыш белгісі (In nomine Patris)
Біз айқыш белгісін жасағанымызда Киелі Үшбірлік пен айқышқа шегеленген Иса Мәсіх беретін адамзаттың құтқаруына сенеміз. Бұл жағдайда католиктер ішінара индулгенцияны иемденеді.
+ Әке мен Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.
Иса Мәсіх осы дұға арқылы Өз шәкірттерін Құдай Әкеге дұға етуге үйретті.
Аспандағы Әкеміз,
Сенің атың қасиеттелсін,
Патшалығың келсін;
Сенің еркің аспандағыдай
жер бетінде де орындалсын.
Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;
бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,
біздің қарызымызды да кешіре гөр;
азғырылуымызға жол бермей,
бізді жамандықтан сақтай гөр.
Аумин.
-
Періштенің сәлемдесуі (Ave Maria)
Әу. Жәбірейіл Басперіште Киелі Мәриям Бикешті сәлемдесіп, Оған Құдай Ұлының Анасы болатынын жариялайды.
Сәлемет бол, Мәриям, рақымға толы,
Тәңір Сенімен бірге;
әйелдердің арасында баталысың
және құрсағыңның ұрығы Иса да баталы.
Әулие Мәриям, Құдай Анасы,
біз күнәкарлар үшін
қазір де және ажалымызда да дұға ете гөр.
Аумин.
-
Киелі Үшбірлік Дәріптелуі (Gloria Patri)
Осы ежелгі мадақтау арқылы Үшбірлікті Құдайды мадақтаймыз. Ол – бізді жаратқан Әке, бізді құтқарған Ұл және бізге әулиелік беретін Киелі Рух – үш Тұлғанда бір Құдай.
Әке мен Ұл *
және Киелі Рух басында болғандай, /
қазір де, әрқашан да *
және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.
Елшілер арқылы уағыздалған осы «Сенім Нышаны» (“Credo”) Иса Мәсіхтің ілімі туралы айтылады. Сенім танылуы ең алдымен кілеседе – сенушілер жамағатының көзінше – орындалады. Сонда адам осы сенім туралы бүкіл әлемге өмір бойы куәландырады.
Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына сенемін, * және Оның жалғыз Ұлы * Тәңіріміз Иса Мәсіхке сенемін: * Ол Киелі Рухтан ұрықталған, * Мәриям Бикеш арқылы туылған, * Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленді, * өлді және көмілді; * тозаққа түсті; * үшінші күні Ол өлімнен қайта тірілді; * аспанға көтерілді * және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр: * ол жақтан Ол тірілер мен өлілерді соттауға келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Кілесесіне, * әулиелердің қатысуына, * күнәлардың кешірілуіне, * тәннің тірілуіне * және мәңгілік өмірге де сенемін. * Аумин.
Кілесе Аталары осы «Сенім Нышанын» (“Credo”) I. мен II. Жаһандық Кеңестерінде енгізді. Киелі Месса кезінде (жексенбі не мейрам күндерінде) оқытылады. Бұл жағдайда католиктер ішінара индулгенсті иемденеді.