Озёрноелік Мәриям Бикешке дұғасы

Сәлемет бол, Мәриям, Исаның Анасы, менің Анам,
тыныштықтың Патшайымы мен өмірдің киелі Қайнары.
Мен Саған кішкентай мен мұқтаж бала сияқты келіп,
Сенің қорғанышыңа сүйіспеншілік және үмітпен сүйенемін.
Мен туралы Исаға айтып бер.
Маған көз салып, қамқорлыққа бөлей гөр.
Уа, Аспандағы Анамыз, бар адамдардың Жұбатушысы,
Құдай сыйларына толы аналық қолыңды созып,
мені де, отбасымды да және халқымызды да
жарылқай гөр. Аумин.