Тәубе құпияшылдығының тәртібі
Тәубе құпияшылдығының тәртібі

Тәубе құпияшылдығының тәртібі

ТӘУБЕ ҚҰПИЯШЫЛДЫҒЫНЫҢ ТӘРТІБІ

> Qazaqşa (Латын қазақша)

Тәубеге келген адам тәубеханаға кіріп, қахинмен амандасып, айқыш белгісін жасап айтады:

+ Әке және Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.

Қахин тәубеге келген адамды келесі немесе осыған ұқсас сөздермен Құдайға сенуге шақырады:
– Әрбір жүрекке нұр беретін Құдай саған мейіріміне үмітіңді артуға да, барлық күнәларыңды мойындауға да көмек етсін.
Тәубеге келген адам мынаны деп айтады:Аумин.

Қажет болса, қахинге немесе тәубеге келген адамға Киелі Кітаптан Құдайдың мейірімділігі туралы аятты оқу мүмкін:
«Ием, Сен бәрін де білесің, Сені жақсы көретінімді де білесің» (cf. Жох 21:17).

Сонда тәубеге келген адам өз күнәсін мойындайды. Қажет болса, қахин тәубеге келгенге күнәсін мойындау кезінде көмектесіп, кеңес және епитимия береді. Содан кейін қахин тәубе етушіні жасаған күнәлары үшін өкінуге және өмірін өзгертуге шақырады. Тәубеге келген адамға өкінішін келесі сөздермен білдіру мүмкін:

Уа, Құдайым,
мен жасаған күнәларым үшін
шын жүректен өкінемін.
Мен жамандықты қалап,
жақсылықтан бас тарттым,
Саған қарсы күнә жасадым;
Сені барлығынан артық сүюім керек.
Мен Сенің көмегіңнің арқасында
өкінуге ниеттенемін.
Мен ешқашан күнә жасауды және
күнәларға жеткізетінге жоламауды ұйғардым.
Құтқарушымыз Иса Мәсіх
азап шегіп, біз үшін өлді.
Уа, Құдайым,
Ол үшін маған рақым ете гөр.
Аумин.

Содан соң қахин тәубеге келген адамды күнәларынан босатады (абсолюция):
Құдай Қайырымды Әке Өз Ұлының өлім мен қайта тірілуі арқылы әлемді Өзімен татуластырды және күнәларды кешіру үшін Киелі Рухты жіберді. Құдай саған Өз Кілесесі арқылы кешірім мен таным берсін. МЕН ДЕ СЕНІ КҮНӘЛАРЫҢНАН ӘКЕ ЖӘНЕ ҰЛ ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХТЫҢ АТЫНА БОСАТАМЫН.
Тәубеге келген адам айтады:Аумин.

Қахин жалғастырып, айтады:
– Жаратқан Ие ізгі, мақтайық Оны.
Тәубеге келген адам жалғастырады:Мәңгі ұласады берік рақымы.

Қахин тәубені аяқтап, тәубе еткен адамға бата беріп, былай дейді:
– Тәңір күнәларыңды кешірді. Аман-есен қайта бер.
Тәубеге келген адам айтады:Құдайға алғыс айтамын.

Осыдан кейін адам белгіленген епитимияны орындауы керек.