ЗӘКӘРИЯНЫҢ ЖЫРЫ – Лұқ 1:68-79
(BENEDICTUS)
Исраилдің сиынатын Құдайы мадақталсын: *
Оның Тәңірі!
Құдай таңдап алған халқына келеді, *
Оны құтқарып алып азат етеді!
Құлы Дәуіттің әулетінен бізге *
Мықты Құтқарушыны шығарады.
Қасиетті пайғамбарларына Ол ежелде *
Бұларды алдын ала білдірткен еді,
Ондағы мақсаты – бар жауымыздан, †
Бізді жек көретіндердің қолынан *
Құтқарып алып азат ету біздерді.
Құдай арғы ата-бабаларымызға *
Осылай шапағатын танытады,
Олармен жасаған Өзінің қасиетті *
Келісімін енді есіне алады,
Түп атамыз Ыбырайымға Өзі *
Берген антын есіне түсіреді.
Бізге жаулардың қолынан құтылып, *
Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп,
Тәңіріміздің көз алдында †
Қасиетті де әділ өмір сүруге *
Мәңгі мүмкіндік беретін болады.
Балам, сен осылай Құдай Тағаланың †
Пайғамбары деп аталатын боласың, *
Дайындауға Тәңіріміздің жүрер жолын:
Өзінің таңдаған халқын құтқарып, †
Күнәсін кешіретінін хабарлап, *
Оның алдынан жүретін боласың:
Мейірімді рақымымен Құдайымыздың *
Шұғылалы Таң, міне, атып келеді!
Ажал төндірген түнектегі біздерге †
Ол Өзінің шапағатты нұрын төгеді, *
Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді.
Әке, Ұл *
Және Киелі Рух басында болғандай
Қазір де, әрқашан да *
Және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.
ZÁKÁRIANYŃ JYRY – Luq 1:68-79
(BENEDICTUS)
Israıldіń sıynatyn Qudaıy madaqtalsyn: *
Onyń Táńіrі!
Qudaı tańdap alǵan halqyna keledі, *
Ony qutqaryp alyp azat etedі!
Quly Dáýіttіń áýletіnen bіzge *
Myqty Qutqarýshyny shyǵarady.
Qasıettі paıǵambarlaryna Ol ejelde *
Bulardy aldyn ala bіldіrtken edі,
Ondaǵy maqsaty – bar jaýymyzdan, †
Bіzdі jek kóretіnderdіń qolynan *
Qutqaryp alyp azat etý bіzderdі.
Qudaı arǵy ata-babalarymyzǵa *
Osylaı shapaǵatyn tanytady,
Olarmen jasaǵan Ózіnіń qasıettі *
Kelіsіmіn endі esіne alady,
Túp atamyz Ybyraıymǵa Ózі *
Bergen antyn esіne túsіredі.
Bіzge jaýlardyń qolynan qutylyp, *
Ózіne esh alańsyz qyzmet etіp,
Táńіrіmіzdіń kóz aldynda †
Qasıettі de ádіl ómіr súrýge *
Máńgі múmkіndіk beretіn bolady.
Balam, sen osylaı Qudaı Taǵalanyń †
Paıǵambary dep atalatyn bolasyń, *
Daıyndaýǵa Táńіrіmizdіń júrer jolyn:
Ózіnіń tańdaǵan halqyn qutqaryp, †
Kúnásіn keshіretіnіn habarlap, *
Onyń aldynan júretіn bolasyń:
Meıіrіmdі raqymymen Qudaıymyzdyń *
Shuǵylaly Tań, mіne, atyp keledі!
Ajal tóndіrgen túnektegі bіzderge †
Ol Ózіnіń shapaǵatty nuryn tógedі, *
Һám bіzdі beıbіtshіlіk jolyna jeteleıdі.
Áke, Ul *
Jáne Kıelі Rýh basynda bolǵandaı
Qazіr de, árqashan da *
Jáne máńgі de dárіptelsіn. Aýmın.