MӘРИЯМ БИКЕШТІҢ ЖЫРЫ – Лұқ 1:46-55
(MAGNIFICAT)
Жан дүнием Тәңірімді мадақтайды, *
Құтқарушым Құдайға қуанады:
Күңінің қарапайым жағдайына *
Құдай рақыммен назар аударады.
Күллі ұрпақтар мені бұдан былай *
«Құдай жарылқаған жан» деп атайды:
Есімі киелі Құдіретті Құдай *
Маған керемет ұлы істер жасайды!
Рақымы Өзін қастерлеушілердің *
Ұрпағынан ұрпағына жалғасады;
Ол қолының құдіретін танытып, *
Асқақ ниеттілерді шашыратады,
Билік иелерін тақтан құлатып, *
Атақсыздарды жоғарылатады.
Ашыққандарды игілікке кенелтіп, *
Байларды құр қол қайтарып қуады.
Тәңір өз қайырымын ескеріп, *
Қызметшісі Исраилді қамқорлайды:
Ежелгі ата-бабаларымызға, †
Ыбырайым мен оның ұрпақтарына, *
Құдай осылай айтқан болатын да.
Әке, Ұл *
Және Киелі Рух басында болғандай
Қазір де, әрқашан да *
Және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.
MÁRIAM BIKESHTİŃ JYRY – Luq 1:46-55
(MAGNIFICAT)
Jan dúnıem Táńіrіmdі madaqtaıdy, *
Qutqarýshym Qudaıǵa qýanady:
Kúńіnіń qarapaıym jaǵdaıyna *
Qudaı raqymmen nazar aýdarady.
Kúllі urpaqtar menі budan bylaı *
“Qudaı jarylqaǵan jan” dep ataıdy:
Esіmі kıelі Qudіrettі Qudaı *
Maǵan keremet uly іster jasaıdy!
Raqymy Ózіn qasterleýshіlerdіń *
Urpaǵynan urpaǵyna jalǵasady;
Ol qolynyń qudіretіn tanytyp, *
Asqaq nıettіlerdі shashyratady,
Bılіk ıelerіn taqtan qulatyp, *
Ataqsyzdardy joǵarylatady.
Ashyqqandardy ıgіlіkke keneltіp, *
Baılardy qur qol qaıtaryp qýady.
Táńіr óz qaıyrymyn eskerіp, *
Qyzmetshіsі Israıldі qamqorlaıdy:
Ejelgі ata-babalarymyzǵa, †
Ybyraıym men onyń urpaqtaryna, *
Qudaı osylaı aıtqan bolatyn da.
Áke, Ul *
Jáne Kıelі Rýh basynda bolǵandaı
Qazіr de, árqashan da *
Jáne máńgі de dárіptelsіn. Aýmın.