Уа, Әлемнің Әміршісі, * сонымен Сен енді, Өзің алдын ала айтқандай, мендей пендеңді * тыныштықпен о дүниеге аттандырасың. Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың – * Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын, Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын * Нұрыңды мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын! Әке мен Ұл * және Киелі Рух басында болғандай, қазір де, әрқашан да * және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.