Адорация (Еухаристиялық Табыну)

Еухаристиялық Табынудың (Адорацияның) басында төменде көрсетілген немесе басқа еухаристиялық әнұран айтылады: 

Саған табынамын мен (Adoro te devote)

1. Саған табынамын мен, уа, сырлы Құдай,
Осы Нан түрінде ғой бар Құдайлығың,
Саған пайымдап қарап, рақымың алып,
Мен Саған жүрегімді бойсұндырамын.
2. Көзге көрінбейтін мен жұмбақты Құдай,
Даусыңды сеземін мен жан дүниеммен,
Ұлың айтқан сөзіне толықтай сенем,
Оның Сөзінен басқа шынайы сөз жоқ.
3. Исаның Құдайлығы – Айқыш Ағашта,
Оның адами түрі – бұл Нан ішінде;
Олардың екеуіне мен табынамын,
Қарақшыдай кешірім сұрап жатырмын.
4. Томадан айырмасы, менде күмән жоқ,
Тәңірім – Иса Мәсіх деп мойындаймын;
Құдайға үміттеніп, Оны да сүйіп,
Көрсеткен сеніміме адал болайын.
5. Исаның өлімінді еске түсірем;
Ол өмір беретін ғой мәңгі тірі Нан.
Шын жүрекпен болайын Онымен бірге,
Оны мәңгі қуана танып алайын.
6. Уа, Тәңір Иса Мәсіх, даңқты Бірқазан,
Мені Қаныңмен жуып, тазартасың Сен.
Қаныңның тамшысы ғой әлемді сақтап,
Бәрін құтқарады ол бар зұлымдықтан.
7. Уа, Иса, маған келіп, Өзіңді көрсет;
Жуас мінажатыма құлақ сала гөр;
Даңқты бет-жүзіңді мен көріп қалайын,
Қолыңның астында да мәңгі жатайын. Аумин.

Еухаристиялық Табыну кем дегенде жарты сағатқа созылады.

Еухаристиялық Табыну аяқталғаннан кейін қасиеткердің бата беруі алдында төменде көрсетілген немесе басқа еухаристиялық ән айтылады:

Бұл Киелі Құпияны (Tantum ergo Sacramentum)

1. Бұл Киелі Құпияны
Табынып даңқтаймыз,
Ежелгі Өсиет
Жаңамен жабылады.
Сезімге түсініксізді
Нанымыз толтырады.
2. Туған мен Туылған
Жоғарда даңқталады!
Билік, ізет пен мадақ
Бата да Оларға!
Екеуіден келіп тұрған
Да мадақталсын. Аумин.
℣: Сен оларға нанды аспаннан жібердің (Пәсіх Кезеңінде: Хәлелуя).
℟: Оның көптеген рақаттары бар (Пәсіх Кезеңінде: Хәлелуя).
Дұға етейік: Уа, Құдай, Сен бізге осы ғажайып Құпияшылдық арқылы азабың туралы естелік беріп кеттің; * біз Сенің Тәнің мен Қаныңның осы Құпиясын дәріптеп, * бізге берілген құтылыстың нәтіжесі жан дүниемізде көрейік деп өтінеміз. Өйткені Сен мәңгі-бақи бола тұрып, патшалық етесің. Аумин.

Қасиеткер Киелі Сыйларымен жамағатқа бата береді. Содан кейін мынаны дәріптелу әрекеті айтылады:

Құдай мадақталсын.
Оның киелі Есімі мадақталсын.
Шынайы Құдай мен шынайы Адам Иса Мәсіх мадақталсын.
Исаның Есімі мадақталсын.
Оның Аса Киелі Жүрегі мадақталсын.
Оның Ең Асыл Қаны мадақталсын.
Құрбантақтағы Киелі Құпияшылдығында тұрған Иса мадақталсын.
Киелі Рух Жұбатушы мадақталсын.
Құдай Анасы Әулие Мәриям мадақталсын.
Оның Киелі мен Күнәсіз Ұрықталуы мадақталсын.
Оның Аспанға даңқты Алынуы мадақталсын.
Мәриям Бикеш-Ананың есімі мадақталсын.
Оның ең пәк күйеуі әулие Жүсіп мадақталсын.
Құдай Өз Періштелер мен Әулиелері арқылы мадақталсын. Аумин.

Qazaqşa       Русский        English