Құдай Анасына арналған Литания (Лорето Литаниясы)

Құдай Анасына арналған Литания
(Лорето Литаниясы)

Сікст V Папа бұл литанияны 1587 ж. енгізді.

(әдетте сенбіде оқытылады)

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, рақым ете гөр.

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, бізді есті гөр.

Мәсіх, бізді тыңдай гөр.

Аспандағы Құдай Әке, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің Құтылысшы Құдай Ұл, бізге рақым ете гөр.

Киелі Рух Құдай, бізге рақым ете гөр.

Киелі Үштік жалғыз Құдай, бізге рақым ете гөр.

Әулие Мәриям, біз үшін дұға ете гөр.

Киелі Құдай Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Бикештердің киелі Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Мәсіхтің Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Кілесенің Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Мейірімділіктің Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Құдай рақымының Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Үміттің Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Ең таза Ана, біз үшін дұға ете гөр.

Ең пәк Ана, біз үшін дұға ете гөр.

Бұзылмаған Ана, біз үшін дұға ете гөр.

Бейкүнә Ана, біз үшін дұға ете гөр.

Ең сүйікті Ана, біз үшін дұға ете гөр.

Ең тамаша Ана, біз үшін дұға ете гөр.

Жақсы кеңестің Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Жаратушының Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Құтқарушының Анасы, біз үшін дұға ете гөр.

Ең дана Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Ардақты Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Атақты Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Аса күшті Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Қайырымды Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Адалды Бикеш, біз үшін дұға ете гөр.

Әділдік Айнасы, біз үшін дұға ете гөр.

Даналық Тағы, біз үшін дұға ете гөр.

Қуаныштымыздың Себебі, біз үшін дұға ете гөр.

Рухани Ыдыс, біз үшін дұға ете гөр.

Намыстың Ыдысы, біз үшін дұға ете гөр.

Діншілдік кереметті Ыдысы, біз үшін дұға ете гөр.

Құпиялы Раушан, біз үшін дұға ете гөр.

Дәуіт Мұнарасы, біз үшін дұға ете гөр.

Піл сүйегінің Мұнарасы, біз үшін дұға ете гөр.

Алтын Үй, біз үшін дұға ете гөр.

Келісім Сандығы, біз үшін дұға ете гөр.

Аспан Қақпасы, біз үшін дұға ете гөр.

Таңғы Жұдыз, біз үшін дұға ете гөр.

Науқастарды Жазылушы, біз үшін дұға ете гөр.

Күнәкарларға баспана Беруші, біз үшін дұға ете гөр.

Босқындардың Жұбанышы, біз үшін дұға ете гөр.

Қайғылылардың Жұбанушы, біз үшін дұға ете гөр.

Мәсіхшілердің Көмекшісі, біз үшін дұға ете гөр.

Періштелердің Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Ақсақалдардың Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Пайғамбарлардың Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Елшілердің Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Азапкерлердің Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Сенім куәгерлерінің Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Пәк қыздардың Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Бар әулиелердің Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Тұңғыш күнәсіз ұрықталған Патшайым, біз үшін дұға ете гөр.

Аспанға алынған Патшайым, біз үшін дұға ете гөр.

Киелі Раушантәж Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Отбасылардың Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Тыныштықтың Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Қазақстанның Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді кешіре гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді тыңдай гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізге рақым ете гөр.

℟: Әулие Құдайтуушы, біз үшін дұға ете гөр.

℣: Мәсіх берген уәделеріне лайық табылайық.

Дұға етейік: Уа, Құдай, өтінеміз: Өзінің құлдарыңа дене мен жанның тұрақты денсаулығын бере гөр; Баталы Мәриям Мәңгібикештің қорғаушылығы арқылы бізді ендігі қайғы-қасіреттерімізден сақтап, бізге мәңгілік өмірімізді бере гөр. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.