Исаның Киелі Есіміне арналған Литания

Исаның Киелі Есіміне арналған Литания

Пиус IX Папа 1862 ж. бұл литанияны енгізді.
(әдетте дүйсенбіде оқытылады)

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, рақым ете гөр.

Тәңір, рақым ете гөр.

Иса, бізді есті гөр.

Иса, бізді тыңдай гөр.

Аспандағы Құдай Әке, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің Құтылысшы Құдай Ұл, бізге рақым ете гөр.

Киелі Рух Құдай, бізге рақым ете гөр.

Киелі Үштік жалғыз Құдай, бізге рақым ете гөр.

Иса, мәңгі тірі Құдайдың Ұлы, бізге рақым ете гөр.

Иса, Әкенің сәулесі, бізге рақым ете гөр.

Иса, мәңгілік жарықтың жарқылы, бізге рақым ете гөр.

Иса, даңқталған Патша, бізге рақым ете гөр.

Иса, шындықтың Күні, бізге рақым ете гөр.

Иса, Мәриям Бикештің Ұлы, бізге рақым ете гөр.

Сүюге ең тұрарлық Иса, бізге рақым ете гөр.

Ең керемет Иса, бізге рақым ете гөр.

Иса, Қуатты Құдай, бізге рақым ете гөр.

Иса, болашақ өмірінің Әкесі, бізге рақым ете гөр.

Иса, ұлы кеңестің Періштесі, бізге рақым ете гөр.

Құдіретті Иса, бізге рақым ете гөр.

Тез қаһарланбайтын Иса, бізге рақым ете гөр.

Ең берілген Иса, бізге рақым ете гөр.

Шын жүректен жуас пен кішіпейіл Иса, бізге рақым ете гөр.

Тазалықты ұнатысқан Иса, бізге рақым ете гөр.

Бізді қатты сүйген Иса, бізге рақым ете гөр.

Иса, тыныштықтың Құдайы, бізге рақым ете гөр.

Иса, өмір Берушісі, бізге рақым ете гөр.

Иса, пәділеттің үлгісі, бізге рақым ете гөр.

Иса, жандарымыздың Қорғаушысы, бізге рақым ете гөр.

Иса, біздің Құдайымыз, бізге рақым ете гөр.

Иса, біздің баспанамыз, бізге рақым ете гөр.

Иса, жарлы адамдардың Әкесі, бізге рақым ете гөр.

Иса, сенетіндердің қазынасы, бізге рақым ете гөр.

Иса, ізгі Бағушы, бізге рақым ете гөр.

Иса, шынайы Нұр, бізге рақым ете гөр.

Иса, мәңгі даналық, бізге рақым ете гөр.

Иса, шексіз ізгілік, бізге рақым ете гөр.

Иса, шынайы жолымыз бен өміріміз, бізге рақым ете гөр.

Иса, періштелеріңнің қуанышы, бізге рақым ете гөр.

Иса, ақсақалдардың Патшасы, бізге рақым ете гөр.

Иса, Елшілердің Жетекшісі, бізге рақым ете гөр.

Иса, Інжілшілердің Ұстазы, бізге рақым ете гөр.

Иса, азапкерлердің Қуаты, бізге рақым ете гөр.

Иса, сенім куәгерлерінің Жарығы, бізге рақым ете гөр.

Иса, пәк қыздардың Тазалығы, бізге рақым ете гөр.

Иса, барлық әулиелердің Тәжі, бізге рақым ете гөр.

Бізге рақым ете гөр, – бізге кешіре гөр, уа, Иса.

Бізге рақым ете гөр, – бізді тыңдай гөр, уа, Иса.

Әртүрлі жамандықтан, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Әртүрлі күнәдан, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Ібілістің қастықтарынан, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Дүлей жындардан, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Мәңгілік өлімізден, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің жігерлендіруіңе елемеуімізден, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің киелі Тәнге Айналуыңның құпиясы үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің Туылуың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің балалық шағың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің құдайшыл өмірің үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сен жасалған еңбектерің үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің бағындағы арпалысың және азабың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің Айқышың мен қалдырылғандығың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің қайғың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің өлімің мен көмілуің үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің Қайта Тірілуің үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің Аспандауың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сен онатылған Киелі Еухаристия үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің қуаныштарың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Сенің даңқың үшін, бізді сақтай гөр, уа, Иса.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді кешіре гөр, уа, Иса.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді тыңдай гөр, уа, Иса.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізге рақым ете гөр, уа, Иса.

℟: Иса, бізді есті гөр.

℣: Иса, бізді тыңдай гөр.

Дұға етейік: Уа, Тәңіріміз Иса Мәсіх, Сен: «Сұраңдар – сонда сендерге беріледі; іздеңдер – табасыңдар; қағыңдар – сендерге ашылады» – деп айттың (Лұқ 11:9). Біз Сені шын жүректен де, ауыздан да, істерімізден де сүйіп, әрқашан мадақтайық. Өйткені Сен мәңгі-бақи өмір сүріп, патшалық етіп отырсың. Аумин.

Не:

Дұға етейік: Уа, Тәңіріміз, Сенің Киелі Атыңа әрдайым құрмет көрсетіп, оны да сүйейік, өйткені Сен сүйіспеншілігің арқылы нығайтылған ешкімді қамқорсыз қалдырмайсың. Өйткені Сен мәңгі-бақи өмір сүріп, патшалық етіп отырсың. Аумин.