Исаның Киелі Жүрегіне арналған Литания

Исаның Киелі Жүрегіне арналған Литания

Леон XIII Папа бұл литанияны 1899 ж. енгізді.

(әдетте жұмада оқытылады)

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, рақым ете гөр.

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, бізді есті гөр.

Мәсіх, бізді тыңдай гөр.

Аспандағы Құдай Әке, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің Құтылысшы Құдай Ұл, бізге рақым ете гөр.

Киелі Рух Құдай, бізге рақым ете гөр.

Киелі Үштік жалғыз Құдай, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Мәңглік Әке Ұлының жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Бикеш Ананың құрсағында Киелі Рух арқылы ұрықталған Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Сөз арқылы болмысында Құдаймен бірге жалғанған Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, шексіз ұлылық, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Құдайдың киелі ғибадатханасы, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Құдіретті Құдайдың мекені, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Құдайдың үйі және Аспан қақпасы, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, жалындаған сүйіспеншіліктің алауы, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, әділдік пен сүйіспеншілік орны, бізге рақым ете гөр.

Мейірімділік пен сүйіспеншілік толтырылған Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, барлық пәділеттер тереңдігі, бізге рақым ете гөр.

Бар мадақтауға тұрарлық Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, барлық жүректердің Патша мен орталығы, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, даналық пен таным қоймасы, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Құдай Толықтығының мекен ортасы, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Әке Саған толық ризады, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Сенің толықтығыңнан бәріміз жарылқанып келеміз, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, мәңгілік шыңдарына талпынуы, бізге рақым ете гөр.

Тез қаһарланбайтын да өте рақымды Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Сен Саған шақыратын барлығына рақым етесің, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, өмір мен әулиелік көзі, бізге рақым ете гөр.

Күнәларымыздың құнын өткен Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Жәбірлеріміз толтырылған Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Зұлымдығымыз арқылы жараланған Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Өлімге бойсұнды Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Найзамен түйрелген Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, әртүрлі жұбаныш көзі, бізге рақым ете гөр.

Өмір мен тірілуіміз беретін Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Тыныштық пен татуласымыз беретін Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Күнәкарлар үшін құрбан етілген Исаның Жүрегі, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Сен Саған үміттенетіндерді құтқарасың, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, Сенің көзінше өліп бара жатқандарға үміт бересің, бізге рақым ете гөр.

Исаның Жүрегі, барлық әулиелердің ғанибеті, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді кешіре гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді тыңдай гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізге рақым ете гөр.

℟: Уа, шын Жүректен жуас пен кішіпейіл Иса.

℣: Жүректерімізді Сенің Жүрегіңе ұқсастыра гөр.

Дұға етейік: Уа, Құдіретті Мәңгілік Құдай, Сенің сүйікті Ұлыңның Жүрегіне көз салып, Ол күнәкарлар үшін Саған берілген мадақ пен сауабына назар аудара гөр. Осы күнәкарлар сенің қайырымдылығыңа шақырып отыр. Оларға рақым етіп, күнәларын кешіре гөр. Сенімен бірге Киелі Рухтың бірлігінде мәңгі-бақи өмір сүріп, патшалық ететін Сенің Ұлың, Құдайымыз, Тәңіріміз Иса Мәсіх арқылы. Аумин.