Киелі Рух арналған Литания

Киелі Рух арналған Литания

(әдетте бейсенбіде оқытылады)

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, рақым ете гөр.

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, бізді есті гөр.

Мәсіх, бізді тыңдай гөр.

Аспандағы Құдай Әке, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің Құтылысшы Құдай Ұл, бізге рақым ете гөр.

Киелі Рух Құдай, бізге рақым ете гөр.

Киелі Үштік жалғыз Құдай, бізге рақым ете гөр.

Әке мен Ұлдың Рухы, бізге рақым ете гөр.

Даналық пен парасаттың Рухы, бізге рақым ете гөр.

Ақыл-кеңес пен құдіреттің Рухы, бізге рақым ете гөр.

Білімділік пен тақуалықтың Рухы, бізге рақым ете гөр.

Құдай мойынсұнуының Рухы, бізге рақым ете гөр.

Сенім, үміт пен сүйіспеншіліктің Рухы, бізге рақым ете гөр.

Кішіпейілдік пен жуастықтың Рухы, бізге рақым ете гөр.

Шыдамдылық пен қаһарсыздықтың Рухы, бізге рақым ете гөр.

Әулиелік пен әділдіктің Рухы, бізге рақым ете гөр.

Мүлтіксіздіктің Рухы, бізге рақым ете гөр.

Құдай тағайындалған балаларының Рухы, бізге рақым ете гөр.

Сен – Кілесенің Ұстазы мен Сақтаушысың, бізге рақым ете гөр.

Сен – адам жүрек Тынығышсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – аспандық игіліктер Берушісің, бізге рақым ете гөр.

Сен – қайғы адамдардың Жұбатушысың, бізге рақым ете гөр.

Сен – мәңгі Жарықсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – киелі Отсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – өмір Көзісің, бізге рақым ете гөр.

Сен – рухани Майжағусың, бізге рақым ете гөр.

Сен – періштелердің Ғанибетсің, бізге рақым ете гөр.

Сен – ақсақалдардың Шырақсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – пайғамбарлардың Шабытсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – Елшілердің Жетекшісің, бізге рақым ете гөр.

Сен – азапкерлердің Батылдықсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – сенім куәгерлерінің Жұбанышсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – пәк қыздардың Тазалықсың, бізге рақым ете гөр.

Сен – барлық әулиелердің Бақытсың, бізге рақым ете гөр.

Бізге рақым ете гөр, – бізге кешіре гөр, уа, Иса.

Бізге рақым ете гөр, – бізді тыңдай гөр, уа, Иса.

Әртүрлі жамандықтан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Әртүрлі күнәдан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Ібілістің азғыруынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Адасу мен өтірік рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Сенбеушілік пен ырымшылдық рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Менменшілдік пен бақкүндестік рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Өсек пен ғайбат рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Бұзылғандық рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Ашкөздік пен жалқаулық рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Дөрекілік пен ашынушылық рухынан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Білген ақиқаттарға қарсылығымыздан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Мейірімсіздік пен өкінбеушілігімізден, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Болжанбаған мен кенеттен болған өлімізден, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Мәңгілік жазадан, бізді сақтай гөр, уа, Киелі Рух.

Біз, ғаріп күнәкарлармыз, Саған өтінеміз, дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Шын Кілесенің мүшелерін рухтандырып, жарылқай гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Киелі Католик Кілесесін бағыттап, қолдай гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Папамызды білім таратып, нығайты гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Әртүрлі жалған ілімдерді жойы гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Барлық халықтарды татуластырып, бейбітшілікті қалыптастыра гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Барлық халықтарға сенім мен сүйіспеншілік біртұтастығын бере гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Берекең арқылы бізді жақсылыққа түрткі салып, игілік істерімізді нығайта гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Мәсіхшілік жастарға киелі сыйларыңы бере гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Бізге тұрақтылығымызды бере гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Арафтағы жандарды жұбатып, оларды мәңгілік бақытқа жеткізе гөр. Дұғамызды тыңдай гөр, уа, Киелі Рух.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді кешіре гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді тыңдай гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізге рақым ете гөр.

℟: Өмір пайда болсын деп Рухыңды жібере гөр.

℣: Жер бетін жаңарта гөр.

Дұға етейік: Уа, Құдайымыз, Сен әрқашан жүректерінің құпияларын біліп, жүректеріміздің есіл-дертілерін көресің. Біз Сені шын жүректен сүйіп, әділді дәріптейік деп Киелі Рухың арқылы жүректеріміздің ой-ниеттерін тазарта гөр. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.