Мәсіхтің Асыл Қанына арналған Литания

Мәсіхтің Асыл Қанына арналған Литания

Әу. Жохан XXIII Папа бұл литанияны 1960 ж. енгізді.

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, рақым ете гөр.

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, бізді есті гөр.

Мәсіх, бізді тыңдай гөр.

Аспандағы Құдай Әке, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің Құтылысшы Құдай Ұл, бізге рақым ете гөр.

Киелі Рух Құдай, бізге рақым ете гөр.

Киелі Үштік жалғыз Құдай, бізге рақым ете гөр.

Мәсіхтің Қаны, Мәңгілік Әкенің Жалғыз Ұлының Қаны, бізді құтқара гөр.

Мәсіхтің Қаны, тәнге айналған Құдай Ұлының Қаны, бізді құтқара гөр.

Мәсіхтің Қаны, Жаңа мен Мәңгілік Келісімнің Қаны, бізді құтқара гөр.

Гетсиман бағындағы мінәжатында жерге тамшылған Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Қамшылану арқылы кіре бастаған Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Тікенді тәжінің астынан тамшылаған Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Айқыштан төгілген Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Мәсіхтің Қаны, құтқарылуымыздың бағасы, бізді құтқара гөр.

Мәсіхтің Қаны, Сенсіз кешірілу жоқ, бізді құтқара гөр.

Мәсіхтің Қаны, Еухаристиялық сусын мен жандардың жуып тазартуы, бізді құтқара гөр.

Мәсіхтің Қаны, қайырымдылық ағыны, бізді құтқара гөр.

Жындарды жеңген Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Азапкерлерге қуат беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Сенім куәгерлеріне батылдық беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Пәк қыздықты жасайтын Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Қауіпті болғандарға қамқор беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Азап шегушілерге жеңілдік келтіретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Жылап жатқандарға жұбаныш беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Тәубеге келгендерге үміт беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Өліп бара жатқандарға дәме беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Жүректерге тыныштық пен рақат беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Мәңгілік өмір кепілі беретін Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Жандарды маһшар отынан сақтайтын Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Мадақтауға мен құрметтеуге ең тұрарлық Мәсіхтің Қаны, бізді құтқара гөр.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді кешіре гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді тыңдай гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізге рақым ете гөр.

℟: Тәңір, Сен бізді Қаның арқылы құтқарып.

℣: Һәм бізді Құдайымыздың Патшалығы қылдың.

Дұға етейік: Уа, Құдіретті Мәңгілік Құдай, Сен Жалғыз Ұлыңы әлем Құтқарушысы қылып, бізді Оның Қаны арқылы Өзіңмен татуластырдың. Саған өтінеміз: құтқарылуымыздың осы бағасыны лайықты құрмет етейік, ол да арқылы жерде әртүрлі жамандықтан сақталып, аспанда мәңгі бақытымыз алайық. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.