Әу. Жүсіпке арналған Литания

Әу. Жүсіпке арналған Литания

Пиус X Папа бұл литанияны 1909 ж. енгізді.

(әдетте cәрсенбіде оқытылады)

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, рақым ете гөр.

Тәңір, рақым ете гөр.

Мәсіх, бізді есті гөр.

Мәсіх, бізді тыңдай гөр.

Аспандағы Құдай Әке, бізге рақым ете гөр.

Әлемнің Құтылысшы Құдай Ұл, бізге рақым ете гөр.

Киелі Рух Құдай, бізге рақым ете гөр.

Киелі Үштік жалғыз Құдай, бізге рақым ете гөр.

Әулие Мәриям, біз үшін дұға ете гөр.

Әулие Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Дәуіттің сүйкімді тұқымы, біз үшін дұға ете гөр.

Ақсақалдар жарығы, біз үшін дұға ете гөр.

Тәңіртуардың күйеуі, біз үшін дұға ете гөр.

Пәк Бикештің адал сақтаушы, біз үшін дұға ете гөр.

Құдай Ұлының асыраушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Мәсіхтің қамқор қорғаушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Киелі Отбасының отағасы, біз үшін дұға ете гөр.

Ең әділ Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Ең таза Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Ең ақылды Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Ең қатты Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Ең жуас Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Ең адал Жүсіп, біз үшін дұға ете гөр.

Сабырлылық айнасы, біз үшін дұға ете гөр.

Кедейліктің сақтаушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Еңбек үлгісі, біз үшін дұға ете гөр.

Отбасылық тұрмыстың абыройы, біз үшін дұға ете гөр.

Бикештердің қорғаушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Отбасылардың сүйеніші, біз үшін дұға ете гөр.

Бақытсыз адамдардың жұбатушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Науқас адамдардың дәме берушісі, біз үшін дұға ете гөр.

Өліп бара жатқан адамдардың саруары, біз үшін дұға ете гөр.

Жындарға қорқытушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Киелі Кілесенің қорғаушысы, біз үшін дұға ете гөр.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді кешіре гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізді тыңдай гөр, уа, Тәңір.

Әлемнің күнәларын алатын Құдай Қозысы, – бізге рақым ете гөр.

℟: Тәңір өз сарайының басқарушысы қылды.

℣: Жүсіпке бар иелігін басқартып қойды.

Дұға етейік: Уа, Құдай, Сенің Ұлыңның Киелі Анасының күйеу болу үшін Өзіңнің ғажап болжағыштығың арқылы баталы Жүсіпті таңдадың. Ол жер жүзіндегі өміріміз кезінде біздің сақтаушымыз болып, аспандағы өмірімізде біздің қорғаушымыз болсын деп өтінеміз. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

Әулие Жүсіп,
Мәриям Бикештің адал күйеуі, менің сақтаушым.
Сенің көмегің сұрағандарды да,
қорғаушылығыңа мұқтаж болғандарды да
жұбанышсыздығында ешқашан тастап кетпедің.
Мен шын үмітке толтырылып, Саған көренемін.
Мен өзіңді қолыңа бойсұнып тапсырамын.
Уа, Құтқарушымыздың қамқоршысы,
өтініштерімді елемеп, мейіріммен құлақ сала гөр.
Аумин.