Қазақстанның Анасы (Қарағандылы Құдай Анасына айтылатын антифон)

Қазақстанның Анасы (Қарағандылы Құдай Анасына айтылатын антифон)

Қазақстанның Анасы

Қазақстанның Патшайымы мен Анасы,
шексіз сүйіспеншіліктің даласы,
Қарағандылы Құдайтуушы,
жылы киіз үй, бізді қорғашы.
Халқымызға Исаны көрсетесің,
осы адамдарға Оны және еркіндікті бер.
Көздеріңнің нәзік қиығынан алысқа қарасаң,
бетіңнің сүйкімді әлпеті үмітімізді күшейтер.
Мінсіз адалдығың қардай ақ екен,
осы таулардың үстінен бүркіттей ұша бересің.
Белестердің алтын жамылғысының үстінде күн сияқты жарқырап,
бізге қыруар рухани жемістерді жібересің.
Қазақстандықтардың Анасы,
дәмеленіп сені шақырамыз,
Иса Мәсіхті сүюмізге
өз халқыңа көмегіңді сұраймыз.