Бат. Жүсіп Хордан мен бат. Жүсіп Надаль – Монсон қасиеткерлері
Бат. Жүсіп Хордан мен бат. Жүсіп Надаль – Монсон қасиеткерлері

Бат. Жүсіп Хордан мен бат. Жүсіп Надаль – Монсон қасиеткерлері

Бат. Жүсіп Хордан мен бат. Жүсіп Надаль – Монсон кәхиндері

Хосе Надаль Гиу және Хосе Хордан Блекуа Испанияда, 1911 жылы Ләрида провинциясындағы Бел-лиок-д’Уржел қаласында және 1906 жылы Уашақа провинциясындағы Аслор қаласында, кезектеп дүниеге келді. Олар Ләрида қаласындағы семинарияда оқиды. Семинарияні бітіргеннен кейін олар Монсон қаласындағы кілеселік махаллаға алғашқы жұмысқа жіберілген болды. Онда олар махалланың баскәхиннің көмекшісі болып қызмет етті. Ол жерде олар «curetas de Monzón» (испанша «монсондық кәхиндер», «монсондық қасиеткерлер») деген атпен белгілі болды. Құдай олардың бірлескен қызмет етіп, олардың азапкершілігіне және ажалына дайын екендіктерін қалаған. Олар 1936 жылғы тамыздың 12 Испанияда болған діни қудалау кезінде қайтыс болды.

ДҰҒА
Уа, Құдай Әкеміз, Сен баталы кәхиндер мен азапкерлер Жүсіп Хордан мен Жүсіп Надальді Әулие Мәриям Бикештің жақтаушылығы арқылы иман үшін олардың қаны төгілгенде Иса Мәсіхке еліктеушілер етіп қойдың; олардың өмірінің үлгісі мен қорғаушылығы арқылы бізге қажет береке беруіңі үміттене сұрап жатырмыз… (ниет білдіру). Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.
«Аспандағы Әкеміз», «Сәлемет бол, Мәриям» және «Әке мен Ұл және Киелі Рух басында болғандай» дұғалары айтылады.