Библиялық Жыр (Дан 3: 57–88, 56)
Библиялық Жыр (Дан 3: 57–88, 56)

Библиялық Жыр (Дан 3: 57–88, 56)

Жыр
Дан 3: 57–88, 56

Күллі жаратылыс Тәңірді мадақтасын
Мадақтаңдар Құдайымызды, күллі қызметшілері Оның! (Аян 19:5)

Уа, Иеміздің күллі жаратқандары, Тәңірді мадақтаңдар, *
Оны мәңгі дәріптеп жырлаңдар.
    Иеміздің Періштелері, Тәңірді мадақтаңдар, *
    аспан көк, Тәңірді мадақта.
Бұлттан жоғары барлық сулар, Тәңірді мадақтаңдар, *
барлық күш-қуаттары, Тәңірді мадақтаңдар.
    Күн мен ай, Тәңірді мадақтаңдар, *
    аспан жұлдыздары, Тәңірді мадақтаңдар.
Күллі жаңбыр мен шық, Тәңірді мадақтаңдар, *
барлық желдер, Тәңірді мадақтаңдар.
    Жалын мен аптап, Тәңірді мадақтаңдар, *
    суық пен ыстық, Тәңірді мадақтаңдар.
Шық пен қар, Тәңірді мадақтаңдар, *
түндер мен күндер, Тәңірді мадақтаңдар.
    Жарық пен түнек, Тәңірді мадақтаңдар, *
    мұз бен аяз, Тәңірді мадақтаңдар.
Қырау мен қар, Тәңірді мадақтаңдар, *
найзағай мен бұлтар, Тәңірді мадақтаңдар.
    Бүкіл жер Тәңірді мадақтасын, *
    Оны мәңгі дәріптеп жырласын.
Таулар мен төбелер, Тәңірді мадақтаңдар, *
жердің барлық өсімі, Тәңірді мадақта.
    Қайнар бұлақтар, Тәңірді мадақтаңдар, *
    теңіздер мен өзендер, Тәңірді мадақтаңдар.
Дәу балықтар мен теңіздегі күллі жәндіктер, Тәңірді мадақтаңдар, *
аспандағы барлық құстар, Тәңірді мадақтаңдар.
    Барлық аңдар мен малдар, Тәңірді мадақтаңдар, *
    күллі адам балалары, Тәңірді мадақтаңдар.
Уа, Исраил, Тәңірді мадақта, *
Оны мәңгі дәріптеп жырла.
    Иеміздің қасиеткерлер, Тәңірді мадақтаңдар, *
    Иеміздің құлдары, Тәңірді мадақтаңдар.
Ақ аруақтар мен әділ жандар, Тәңірді мадақтаңдар, *
әділ мен жүрегі кішіпейіл адамдар, Тәңірді мадақтаңдар.
    Уа, Хананиях, Азариях, Мишаел, Тәңірді мадақтаңдар, *
    Оны мәңгі дәріптеп жырлаңдар.
Әке мен Ұл және Киелі Рухты мадақтайық, *
Оны мәңгі мақтап жырлайық.
    Аспан кеңістігінде мадақталғансың Сен, *
    Мәңгі аса дәріптеп мақталғансың Сен.