Қазақстанның католик Бескіптері мен Ординариустарының Мәсіхтің Мәуліті мейрамымен құттықтауы   
Қазақстанның католик Бескіптері мен Ординариустарының Мәсіхтің Мәуліті мейрамымен құттықтауы   

Қазақстанның католик Бескіптері мен Ординариустарының Мәсіхтің Мәуліті мейрамымен құттықтауы   








Қазақстанның католик Бескіптері мен ОрдинариустарыныңМәсіхтің Мәуліті мейрамымен құттықтауы          

Мәсіхте біріктірілген құрметті Бауырластарымыз!          

«Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз» (Мат 2:2).         

Біздің заманымыздың бірінші ғасырында Бетлехемге келген Ғұламалардың айтқан осы асыл сөздері бүгін бізді қайтадан үміттенуге шақырады. Бұл заманда ерлер мен әйелдер үшін Құтылыс жұлдызы қайтадан жарқырап тұр.         

Бұл Ғұламалар Құдай Тағаланың жақындығын сезіпті. Олар Құдайды жеке білмей, Оның қатысуын табиғат белгілерінде, бауырластарының жүректерінің аңсауы мен сағынышында сезіпті. Олар өз ойларында Құдай даусын естіді. Аспандағы барлық жұлдыздардың ішінен олар шынайы табынуға лайық жалғыз Жұлдызды тани алды. Бұл Жұлдыз барлық қазынамыздан қымбат, біз ең жоғары бағалайтын нәрселердің бәрінен асыл. Біздің қасіретімізді түсінетін және бізді одан құтқаратын жалғыз – осындай Жұлдыз.          

Бұл Ғұламалар осы жаңалық ашудан өздерінің барлық адамди азаптарын өтеу үшін сыйлығын көрді. Олар өрлеу беретін үмітті іздеуде жауапты тапты. Олар өздеріне және өз туған халқына гүлдену мен бейбітшілікке жол тапты.          

Ерте заманда (әсіресе өмір өзгерістері және саяхаттау кезінде) бабаларымыз жолда қателік жібермеу үшін жұлдыздарға жүгінетін. Біздің заманымыз – сансыз көшіп-қонушылардың қыдырған кезі, жаңа өркениетке, дәуірге мен мәдениетке көшу заманы. Біз мүмкіндіктер «аспанына» қараған кезде, Тәңіріміздің көмегінсіз ештеңе жасай алмаймыз. Мәсіхтің Мәуліті уақытында және келе жатқан Жаңа Жылға осы Жұлдызды көптеген жалған жұлдыздар мен оптикалық иллюзиялардан тануға көмектесуін даналық пен ақыл-кеңес беретін Киелі Рухтан сұрайық. «Фейк жаңалықтар» сияқты бұл иллюзиялар бізді жетелемейді, керісінше, біздің халықтарымыз бен отбасыларымызды, жеке және әлеуметтік ниеттерімізді бұзады.          

Біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығын үлкен қуанышпен атап өттік. Бұл Жұлдызға дейін еркіндікте бірге жүріп өткен бақытты 30 жыл. Бүкіләлемдік Кілесемен бірігіп, біз жамағаттарымызда «синодтық жолды» бастадық. Біздің физикалық және рухани күшімізді қолдануды үйреніп, Жұлдызды танып, Тәңірге шынайы табынуға келудің жолы – осы.          

Құрметті Бауырластарымыз, жүректерімізде «таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай» (Пет2 1:19), осы Жұлдызға бар күш-жігерімізбен, рухани және заттық істерімізде ұмтыла берейік! Осы Жұлдызды іздеп, оның алдында тағзым еткен адам ақырында оған айналады. Сондықтан Папа Франсис: «Егер мейірімділік, шыдамдылық, қуаныш пен жомарттық жолын өміріңмен нұрландырсаң, Мәсіхтің Мәуліті – бұл сен өзің», – деп айтады.           Бетлехемде дүниеге келген Құдай-Сәби – Құтқарылу Жұлдызы – барша қазақстандықтардың жүрегін Өзінің сүйіспеншілігімен нұрландыра берсін, осылайша біз бірге үйімізде және қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің қажетті жолдарын жасай алайық. Осы күндері Құдай Тағаланың рақымы отбасыларымызды Өзінің Тыныштығына толтырсын. Баршаңызға Тәңіріміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Мәуліті құтты болсын! Ал Раббымыздың жаңа 2022 жылы елімізге Құдай берген құт-береке, мол рақым мен сый-сияпатын сыйласын!         

Құдай Сіздерді жарылқасын!                               

Қазақстанның католик Бескіптері және Ординариустары.

Нұр-Сұлтан, 2021