Таңғы дұға
Таңғы дұға

Таңғы дұға

ТАҢҒЫ ДҰҒА

Qazaqşa

Русский

+ Әке және Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.

Уа, Құтқарушым Құдай Ие, * мен ұйқыдан тұрып, Саған келемін. * Осы күннің нұр сәулесін көруге мүмкіндік бергенің үшін * Саған алғыс айтамын. * Бүгін алдымда жарылқап, * маған әр уақытта да, * жұмыс-істерімде де көмектесе гөр. * Маған рақым қылып, * нұрыңмен жан дүниемдегі қараңғылыққа нұр шашып, * өмір бойы Сенің еркіңді орындауды үйрете гөр.  Аумин.

әлде:

Уа, Исаның Киелі Жүрегі, * мен Әулие Мәриям Бикешпен бірлесе отырып, * Саған бүгінгі күндегі барлық дұғаларымды, жұмыс-істерімді, * қуаныштар мен азаптарымды да арнаймын. * Мұның бәрін Сенің даңқыңа бола * құтқарылуымыз үшін қабылдай гөр. Аумин.

әлде:

Уа, Құдай, жаңа күн басталып жатыр, * мен де бәрін Сенің киелі еркіңе сай істегім келеді. * Тәңір Ием, маған осы күнді Cенің қасыңда өткізуге көмектесе гөр. * Раббым, бүгінгі барлық жұмыс-істерім, * қуаныштарым мен қайғыларым Сені мадақтасын. Аумин.

әлде:

Я, Раббым, * менің отбасыма (ата-анама, балаларыма), жарылқаушыларыма, * еліме де жарылқай гөр. * Сондай-ақ жиі адасқан, * бірақ Саған адал болуға ұмтылатын мені де * жарылқай гөр. Аумин.

әлде:

Уа, Раббы, * Сенің Кілесең орындаған таңғы дұғасына құлақ салып, * Өз сүйіспеншілігіңмен жан дүниеміздің тереңдігіне нұр шашып, * аспан нұрына шақырылған адамдарды * әзәзіл қастықтарынан сақтай гөр. Аумин.

әлде:

Я, Раббым, * алдағы күн әкелетін барлық нәрселерді * қабыл алайын деп маған тыныштық бере гөр. * Қасиетті еркіңе толық мойынсұнуыма рұқсат ете гөр. * Бүгін әр уақытта маған нұсқау беріп, * барлық жағынан қолдау көрсете гөр. * Бүгінгі күні бойы қандай жаңалық алсам да, * бәрі Сенің қалауыңмен екеніне сенейін. * Мұның бәрін сабырлық пен нық сеніммен * қабылдауға көмек ете гөр. * Барлық жұмыс-істерімде де, сөздерімде де * менің ой-ниеттерім мен сезімімді бағыттай гөр. * Мен кез келген күтпеген оқиғаларда * бәрі де Өзіңнен түсіріп жіберілген деп ұмытпайын. * Ешкімді ренжітпей, ұятқа қалдырмай, * отбасымның әрбір мүшесіне қарай адал * мен ақыл-парасатты әрекет етуді үйрете гөр. * Уа, Раббым, * бүгін маған шаршағанымды * және тағдырдың жазуымен болатын барлық нәрселерді де * қабыл алуға көмектесе гөр. * Ерік-жігерімді басқарып, * маған мінажат етуді, үміт етуді, сенуді, сүюді, бәріне төзуді және кешіруді үйрете гөр. Аумин.

(Оптина ақсақалдарының дұғасы)

 

АСПАНДАҒЫ ӘКЕМІЗ, * Сенің атың қасиеттелсін, * Патшалығың келсін; * Сенің еркің аспандағыдай * жер бетінде де орындалсын. / – Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр; * бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей, * біздің қарызымызды да кешіре гөр; * азғырылуымызға жол бермей, * бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.

СӘЛЕМЕТ БОЛ, МӘРИЯМ, рақымға толы, * Тәңір Сенімен бірге, * әйелдердің арасында баталысың * және құрсағыңдағы Нәресте Иса да баталы. / – Әулие Мәриям, Құдай Анасы, * біз күнәкарлар үшін * қазір де және өлім сағатымызда да дұға ете гөр. Аумин.

ӘКЕ ЖӘНЕ ҰЛ * ЖӘНЕ КИЕЛІ РУХ БАСЫНДА БОЛҒАНДАЙ, / – қазір де, әрқашан да * және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.

Уа, Құдай, мен бүкіл әлемді Өзіңнің әкелік қамқорлығыңа тапсырып, Сенен мынаны бойсұнып сұраймын: Қасиетті Кілесені, оның жоғарғы Бағушысы Қазірет Әкеміз N. Папаны, біздің бескібіміз N., қымбатты отанымызды, менің отбасымды (ата-анамды, балаларымды, туысқандарымды), жарылқаушыларымды, науқастарды, сапарда жүргендерді, азап пен зардап шеккендерді және Сенің көмегіңді қажет ететіндерді де жарылқай гөр. Әсіресе, Сені танымай, еркіңе бағынбағандарға рақым қыла гөр. Я, Құдай, баршамызды Сенің иманды балаларың ете гөр. Тәңіріміз Мәсіх арқылы. Аумин.

***

Сенің қорғауыңды сұраймыз, уа, Құдай Қасиетті Анасы, * қайғылы жалынышымызға құлақ салып, * әр қауіп-қатерден бізді әрқашан сақтай гөр, * уа, даңқты да баталы Бикеш. * Уа, Ханшайымыз, * Қорғаушымыз, * Қолдаушымыз, * Сенің Ұлыңмен бізді татуластыра гөр, * Ұлыңа бізді сеніп тапсыра гөр, * Ұлыңа бізді табыс ете гөр.

Мінажатты аяқтай отырып, айқыш белгісін қолымен жасап, айт:

+ Тәңір бізді жарылқасын да * барлық жамандықтан сақтап, * бізге мәңгілік өмір сыйласын. Аумин.