Франсис Папа
Post

Франсис Папа

      Франсис Папа (Хорхе Марио Берголио / Jorge Mario Bergoglio) 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос Айресте (Buenos Aires) дүниеге келген. Ол дәстүрлі италияндық көп балалы отбасынан келеді. Франсис Папа ерте жастан қуаныш пен ақкөңілдікке толы болған еді, және оның рухани өмірі мен қасиеткерлік қызмет етуі бұрынғысындай. Ол бастауыш мектепті бітіріп, химия техникумын бітірді....

Әртүрлі ниеттеріміздің дұғалары
Post

Әртүрлі ниеттеріміздің дұғалары

  ӘРТҮРЛІ МҰҚТАЖЫҚТАР КЕЗІНДЕ ДҰҒАСЫ       Уа, Құдіретті Әке, маған әлсіздік болғанымда көмектесіп, үлкен мұқтаждылығымнан сақтай гөр.       Уа, Құдай Ұлының Даналығы, менің барлық ойларым мен істерімді басқара гөр.       Уа, Киелі Рухтың Сүйіспеншілігі, жүрегім әрдайым Құдай еркіне бағындырылсын деп жанымның істерін басқара гөр. Аумин. (Леон XIII Папа)  ...

Қысқаша дұғалық шақырулары
Post

Қысқаша дұғалық шақырулары

           Біз күн бойы, жұмыс не бос кезімізде Тәңірге шын жүректен мына немесе ұқсас сөздермен шақырамыз:   Уа, шын Жүректен жуас пен кішіпейіл Иса, жүрегімді Сенің Жүрегіңе ұқсастыра гөр. Уа, Құдай, мен, күнәкармын, рақым ете гөр! Уа, Исаның Киелі Жүрек, бәрі де Сен үшін болсын. Тәңірім, Сен бәрі де білесің, Сені сүйетінімді де білесің.

Католик сәлемдесуі
Post

Католик сәлемдесуі

  Католиктер кездескенде мынаны сөздер бір біріне айтады: – Иса Мәсіх дәріптелсін. – Мәңгі-бақи дәріптелсін. Аумин.

Кілесеге кіргенде айтылатын дұға
Post

Кілесеге кіргенде айтылатын дұға

Біз кілесеге кіргенімізде киелі сумен айқыш белгісін жасап, тәбернекте болатын Киелі Сыйлар түрінде Иса Мәсіхтің алдында тізе бүгіп, мына дұғаны айтамыз:   Уа, Киелі Тәңіріміз Иса Мәсіх, біз бұл жерде де, бүкіл әлемдегі кілеселеріңде де Саған табынып, мадақтаймыз, өйткені киелі Айқышың арқылы әлемді құтқардың.

КАТОЛИК КҮНТІЗБЕСІ
Post

КАТОЛИК КҮНТІЗБЕСІ

Өзгермелі мейрамдар Келістегі (Адвенттегі) І Жексенбі (литургиялық жылдың басталуы) Пәсәх (Мәсіхтің Тірілуі Мейрамы) Мәсіхтің Аспандатуы Мейрамы Елулік күні (Киелі Рухтың Қонуы Мейрамы) Киелі Үштік Мейрамы Мәсіхтің Тән мен Қаны Мейрамы (Corpus Christi) Исаның Киелі Жүрегі Мейрамы Иса Мәсіх – Ғаламның Патшасы Міндетті мейрамдар 1 қаңтар – Киелі Құдай Анасы Мейрамы 6 қаңтар – Құдай Көрінісі...

Мәриям Бикеш арналған антифондар
Post

Мәриям Бикеш арналған антифондар

АНТИФОН I – Alma Redemptoris MaterБұл антифон Келіс (Адвент) кезінен бастап Тәңірімізді Ғибадатханаға Ұсыну мерекесіне (2 ақпан) дейін оқытылады: Уа, Құтқарушының емізетін Анасы, Аспан Қақпасы мен теңіз Жұлдызы, бұзылудан көтерілуге тырысатын халқына көмек көрсете гөр;Сен Жәбірейілдің сәлемдесуын қабылдап,жаратылыстың таңғалдырғанында Киелі Жаратушыңды таптың; Мәңгі қыздықты Бикеш, бізге, күнәкарларға, рақым ете гөр. ℣: Тәңірдің Періштесі Мәриямға жариялады...

Мәриям Әлем Патшайымына айтылатын тапсыру әрекеті
Post

Мәриям Әлем Патшайымына айтылатын тапсыру әрекеті

  1995 жылғы 25 маусымда Ленга Ян Павел бискіп Қазақстан мен Орталық Азияды Мәриям Құдайтуушының қамқорлығына тапсырды. Содан бері осы тапсыру әрекеті жыл сайын жаңартылады. Қазірет Әке Жохан Пауыл II Папа Қазақстанға сапары кезінде (2001 жылғы 23 қыркүйек) осы жерімізді Қасиетті Мәриям Бикешке дұғасымен тапсырды.         Уа, Әлем Патшайымы, Құдай Ұлы Иса...

Киелі Рух әнұраны (Veni Creator Spiritus)
Post

Киелі Рух әнұраны (Veni Creator Spiritus)

Тыңдау: https://youtu.be/Kphky63gK5I Осы әнұран 1 қаңтарда не Елукүнде (Киелі Рухтың Қонуы Мейрамында) салтанатты түрде айтқан мәсіхшілер толы индулгенсті алады.   1. Рухтандырушы, кел бізге.Жүрегімізді толтырып, Жаратылысты құтқарып, Мәңгі өмірді бізге бер. 2. Әлеміздің Жұбанышы, Құдайдан салған Сыйлығы, Жүрегімізді нығайтып, Берекеге бізді толтыр. 3. Жеті сыйдың Берушісі, Құдай Әкенің Қуаты, Киелі Сөзің арқылы Тілдерімізді жаңарта. 4. Өйымызды...

Әу. Жохан Енрік Ньюмен кәрдіналдың дұғасы
Post

Әу. Жохан Енрік Ньюмен кәрдіналдың дұғасы

Табыну, мадақтау және ризашылық (Ағылшын кәрдіналы – әу. Жохан Енрік Ньюмен – бұл дұғаны жазды)   Уа, Құдайым, Саған табынамын: Сен – маған ақыл беретін даналықсың. Сен – маған ерік беретін еріксің. Сен – мені қалыптастыратын қуатсың. Сен – мені көтеретін рақымсың. Сен – мені шақыратын дауыссың. Сен – маған сөйлетін Сөзсің. Сен – маған...

Әу. Жүсіпке арналған дұғалар
Post

Әу. Жүсіпке арналған дұғалар

  Әу. Жүсіпке арналған дұға Әулие Жүсіп, Мәриям Бикештің адал күйеуі, менің сақтаушым. Сенің көмегің сұрағандарды да, қорғаушылығыңа мұқтаж болғандарды да жұбанышсыздығында ешқашан тастап кетпедің. Мен шын үмітке толтырылып, Саған көренемін. Мен өзіңді қолыңа бойсұнып тапсырамын. Уа, Құтқарушымыздың қамқоршысы, өтініштерімді елемеп, мейіріммен құлақ сала гөр. Аумин. Құдай жолына бізді түсіре алатын ең маңызды құтты әу....

Әу. Бернардың дұғасы (Memorare)
Post

Әу. Бернардың дұғасы (Memorare)

Уа, рақымды Мәриям Бикеш, есте сақтай гөр: Сен келгендерді де, көмегің сұрағандарды да, қорғаушылығыңа мұқтаж болғандарды да ешқашан тастап кетпедің. Уа, бикештердің Бикеш, Анам, мен осындай үмітке толтырылып, Саған келемін; мен, жылап жататын күнәкармын, Сенің алдыңда тұрмын. Уа, Сөздің Анасы, сөздерімді елемей гөр, алайда мейіріммен құлақ салып, дұғамды тыңдай гөр. Аумин.

Бейбітшілік үшін дұға (“Әу. Франсистің дұғасы”)
Post

Бейбітшілік үшін дұға (“Әу. Франсистің дұғасы”)

Осы дұға “Ассизилік Әу. Франсистің дұғасы” деп жиі-жиі аталады, бірақ әу. Франсис бұл мәтіннің ауторы емес.   Уа, Тәңір, маған Сенің тыныштығыңның құралы болуыма рұқсат ете гөр. Өшпенділіктің орнына – cүйіспеншілікті де, өкпенің орнына – кешірімді де, жанжалдың орнына – татуластыруды да, күмәннің орнына – сенімді де, адасудың орнына – шындықты да, торығудың орнына –...

Мәсіх Мәуліт кезеңдегі өлеңдер (кәленділер)
Post

Мәсіх Мәуліт кезеңдегі өлеңдер (кәленділер)

АДВЕНТ (КЕЛІС) АДВЕНТ КЕЛЕДІ (Адвент Наступает) 1.  Адвент келеді – қуаныш жақын, Алғашқы  майшам жағылды, Пайғамбар хабарлайды адамдарға: «Дайындаңдар жолды Құдайға!» R: Құдайға бәрі ән айтыңдар, Қуаныңдар, адамдар! 2. Адвент келеді – қуаныш жақын, Екінші майшам жылтырайды. Кешіріндер – бұл ардақты қасиет, Тәңір Иемізден өсиет. R: … 3. Адвент келеді – қуаныш жақын, Үшінші майшам...

Мәуліт Қарсаңы (отбасымен бірге)
Post

Мәуліт Қарсаңы (отбасымен бірге)

Мәуліт Қарсаңы 24 желтоқсанда кешке бірінші «Бетлехем жұлдызы» аспанда жарықтандарылғанда басталады, бұл – Мәсіхтің Туған Күнің (Мәсіх Мәуліт) қарсаңы. Барлығы дастарханға жиналады. Отағасы шамды жарықтандырып, айтады: ℟: Мәсіхтің Жарығы. Барлығы жауап береді: ℣: Құдайға алғыс айтамыз. ℟: Екі мың жыл бұрын Иса Мәсіх, Құдайдың Ұлы, барлық күткен Құтқарушы, дүниеге келді. Лұқа жазған Киелі Інжіл бұл туралы куәландырады. Біз...

Өкіну нысаны
Post

Өкіну нысаны

Тәубеге келетін католик бұл дұғаны әдетте Тәубе Құпияшылдығының кезінде айтылады: Уа, Құдайым, мен жасаған күнәларым үшін шын жүректен өкінемін. Мен жамандықты қалап, жақсылықтан бас тарттым, Саған қарсы күнә жасадым; Сені барлығынан артық сүюім керек. Мен Сенің көмегіңнің арқасында өкінуге ниеттенемін. Мен ешқашан күнә жасауды және күнәларға жеткізетінге жоламауды ұйғардым. Құтқарушымыз Иса Мәсіх азап шегіп, біз...

Әу. Патриктің дұғасы
Post

Әу. Патриктің дұғасы

Осы дұғаның Ирландиялық әу. Патрик деген ауторы.  Мен бүгінде Мәсіхтің Туылуы және Оның Шоқыну күшімен, Оның шегелену мен көмілдену күшімен, Оның қайта тірілу мен аспандау күшімен, Оның қиямет күні келу күшімен шығамын; Мен бүгінде Керубтардың мейірімі күшімен, Періштелердің бойсұну күшімен, Басперіштелердің қызметі күшімен, Ақсақалдардың дұғалары күшімен, Пайғамбарлардың хабарлануы күшімен, Елшілердің уағыздары күшімен, Сенушілердің сенімі күшімен, Әділ адамдардың әрекеттері күшімен шығамын; Мен...

Әу. Игінас Лойоланың дұғасы (Anima Christi)
Post

Әу. Игінас Лойоланың дұғасы (Anima Christi)

Мәсіхтің Жаны, шырайландыра гөр мені. Мәсіхтің Тәні, құтқара гөр мені. Мәсіхтің Қаны, қандыра гөр мені. Мәсіхтің қабырғасынан ағып кеткен су, жуғыза гөр мені. Мәсіхтің азабы, нығайта гөр мені. Уа, ізгі Иса, ести гөр мені. Жараларыңда жасыра гөр мені. Сені қалдыруыма рұқсат бермей. Зұлым жаудан сақтай гөр мені. Ажалымда шақыра гөр мені, әулиелеріңмен бірге Сені мәңгі-бақи...

МЕССА ТӘРТІБІ (жамағат үшін)
Post

МЕССА ТӘРТІБІ (жамағат үшін)

  МЕССА ТӘРТІБІНІҢ ҚАЗАҚША АУДАРМАСЫ ӘЛІ КҮТІЛУДЕ ЖӘНЕ КИЕЛІ ТАҚТА ӘЛІ БЕКІТІЛМЕГЕН.  MESSA TÄRTIBINIŊ QAZAQŞA AUDARMASY ÄLI KÜTILUDE JÄNE KİELI TAQTA ÄLI BEKITILMEGEN. КАЗАХСКИЙ ПЕРЕВОД ЧИНА МЕССЫ НАХОДИТСЯ НА РАССМОТРЕНИИ И ПОКА НЕ УТВЕРЖДЁН СВЯТЫМ ПРЕСТОЛОМ.  THE KAZAKH TRANSLATION OF THE ORDER OF MASS IS PENDING AND HAS NOT YET BEEN APPROVED BY THE HOLY...

Қуан, Аспан Патшайымы (Regina cæli)
Post

Қуан, Аспан Патшайымы (Regina cæli)

Қуан, Аспан Патшайымы (Regina cæli) ℣: Қуан, Аспан Патшайымы! Хәлелуя! ℟: Өйткені Сен Оны көтеруге лайық болдың, Хәлелуя! ℣: Ол Өзі айтқандай, қайта тірілді, Хәлелуя! ℟: Құдайға біз үшін дұға ете гөр, Хәлелуя! ℣: Қуан да көңілден, Мәриям Бикеш, Хәлелуя! ℟: Өйткені Тәңір шынында қайта тірілді, Хәлелуя! Дұға етейік: Уа, Құдай, * Сенің Ұлың, Тәңіріміз...