Мәсіх Мәуліт кезеңдегі өлеңдер (кәленділер)
Post

Мәсіх Мәуліт кезеңдегі өлеңдер (кәленділер)

АДВЕНТ (КЕЛІС) АДВЕНТ КЕЛЕДІ (Адвент Наступает) 1.  Адвент келеді – қуаныш жақын, Алғашқы  майшам жағылды, Пайғамбар хабарлайды адамдарға: «Дайындаңдар жолды Құдайға!» R: Құдайға бәрі ән айтыңдар, Қуаныңдар, адамдар! 2. Адвент келеді – қуаныш жақын, Екінші майшам жылтырайды. Кешіріндер – бұл ардақты қасиет, Тәңір Иемізден өсиет. R: … 3. Адвент келеді – қуаныш жақын, Үшінші майшам...

Мәуліт Қарсаңы (отбасымен бірге)
Post

Мәуліт Қарсаңы (отбасымен бірге)

Мәуліт Қарсаңы 24 желтоқсанда кешке бірінші «Бетлехем жұлдызы» аспанда жарықтандарылғанда басталады, бұл – Мәсіхтің Туған Күнің (Мәсіх Мәуліт) қарсаңы. Барлығы дастарханға жиналады. Отағасы шамды жарықтандырып, айтады: ℟: Мәсіхтің Жарығы. Барлығы жауап береді: ℣: Құдайға алғыс айтамыз. ℟: Екі мың жыл бұрын Иса Мәсіх, Құдайдың Ұлы, барлық күткен Құтқарушы, дүниеге келді. Лұқа жазған Киелі Інжіл бұл туралы куәландырады. Біз...

МЕССА ТӘРТІБІ (жамағат үшін)
Post

МЕССА ТӘРТІБІ (жамағат үшін)

  МЕССА ТӘРТІБІНІҢ ҚАЗАҚША АУДАРМАСЫ ӘЛІ КҮТІЛУДЕ ЖӘНЕ КИЕЛІ ТАҚТА ӘЛІ БЕКІТІЛМЕГЕН.  MESSA TÄRTIBINIÑ QAZAQŞA AUDARMASY ÄLI KÜTILUDE JÄNE KİELI TAQTA ÄLI BEKITILMEGEN. КАЗАХСКИЙ ПЕРЕВОД ЧИНА МЕССЫ НАХОДИТСЯ НА РАССМОТРЕНИИ И ПОКА НЕ УТВЕРЖДЁН СВЯТЫМ ПРЕСТОЛОМ.  THE KAZAKH TRANSLATION OF THE ORDER OF MASS IS PENDING AND HAS NOT YET BEEN APPROVED BY THE HOLY...

Айқыш Ағаш Жолы (Via Crucis)
Post

Айқыш Ағаш Жолы (Via Crucis)

“О, Әкем, егер Сен қаласаң, осы тостағанды Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!” (Лұқ 22:42) I. Исаның өлім жазасына кесу үкімі. “Мәсіх Өзіне тіл тигізгендерге жаман сөз қайырмады, азап көрген кезде де оларды қорқытпады. Қайта, Ол ісін әділ Соттаушыға тапсырды.” (Пет1 2:23) ℣: Уа, Мәсіх, біз Саған табынып, мадақтаймыз. ℟:...

Католик Құпияшылдықтары
Post

Католик Құпияшылдықтары

Католик Кілесесінде жеті Құпияшылдық (не “Сакрамент”) бар: 1. ШОМЫЛДЫРУ (Баутыс) 2. НЫҒАЙТУ (Конфирмация) 3. ЕУХАРИСТИЯ (Киелі Қатынасу) 4. ТӘУБЕ (Өкіну) 5. НАУҚАСТАРҒА МАЙЖАҒУ 6. ҚАСИЕТКЕРШІЛІК (Дін қызметшілігі) 7. НЕКЕ (Некелесу)

Қысқаша катехизис (сенім негіздері)
Post

Қысқаша катехизис (сенім негіздері)

БАСТЫ ДІН АҚИҚАТТАРЫ 1. Бір Құдай бар. 2. Құдай – әділ: жақсылық үшін марапаттайды, жамандық үшін жазалайды. 3. Құдай үш өңде бірыңғай: Құдай Әке, Құдай Ұл, Құдай Киелі Рух. 4. Құдай Ұлы адам түрінде келді және бізді құтқару үшін айқышта өлді. 5. Адамның жаны өлмес. 6. Құтқару үшін Құдайдың шапағаты қажет. СҮЙІСПЕНШІЛІК ӨСИЕТТЕРІ Сенім ғана...

РАУШАНТӘЖ (католик тасбих дұғасы)
Post

РАУШАНТӘЖ (католик тасбих дұғасы)

РАУШАНТӘЖ – КАТОЛИК ТАСБИХЫ Айқыш белгісін жасап, + Әке, Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.  деп айтылады. Бастапқы дұға:  Уа, Тәңіріміз Иса Мәсіх! Мен осы қасиетті раушантәжін Сенің атыңды мадақтауына және Аса Пәк Анаңның құрметіне бағыштаймын, сондай-ақ жандардың құтқаруына арнаймын.  Содан кейін Елшілік Сенім Нышаны (Symbolum Apostolorum)оқытылады:  Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына...

ҚҰДАЙДЫҢ МЕЙІРІМДІЛІГІНЕ АЙТЫЛАТЫН ТӘЖ
Post

ҚҰДАЙДЫҢ МЕЙІРІМДІЛІГІНЕ АЙТЫЛАТЫН ТӘЖ

Айқыш белгісін жасап, Әке, Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.  деп айтылады. Тәңірдің дұғасы бір рет оқытылады: Аспандағы Әкеміз, Сенің атың қасиеттелсін; Патшалығың келсін; Сенің еркің аспандағыдай жер бетінде де орындалсын. Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр; бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей, біздің қарызымызды да кешіре гөр; азғырылуымызға жол бермей, бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин. Содан соң  Періштенің  сәлемдесуы  бір рет...

Әнұрандар
Post

Әнұрандар

    ҰЛЫ ТАҒАТ әнұрандары ҚАСИЕТТІ АЙҚЫШ Осы Қасиетті Айқыш Бар ағаштардан қымбатты. Киелі Құрбан Қозы Мұнда аса азапталды.   Айқыш ағашта қиналдың, Киелі қаныңды төктің. Бізді күнәдан тазартып, Жаңа өмірді сыйладың.   О, ғажап Құтқарушымсың, Біз үшін жаныңды қидың, Сенің өшпейтін нұрыңмен Отанымызға жеткізші.   САҒАН ТАБЫНАМЫЗ,  МӘСІХ   Саған табынамыз, Мәсіх,   Сені...

  • 1
  • 2