Жексенбі күні суға бата беріледі және шоқындыру еске түсіру үшін бүрку жасалады
Қарсы алу кезінен кейін қасиеткер жамағатты дұға етуге шақырады және қысқа тыныштықтан кейін су дәріптеу сөздерін айтады да келесі сөздерімен оны аяқтайды:
Қ. Тәңіріміз Мәсіх арқылы.
Ж. Аумин.
Су мен тұз араластыруға жергілікті әдет бойынша тағайындайтын жерде, қасиеткер суға бата беру қысқа формуласын айтады да келесі сөздерімен оны аяқтайды:
Қ. Тәңіріміз Мәсіх арқылы.
Ж. Аумин.
Содан кейін қасиеткер су бүркиді және Белгіленген орнына қайтып, айтады:
Қ. Құдіретті Құдай бізді күнәларымыздан тазалып, осы Еухаристияның өтеуі арқылы Оның Патшалық Тойына қатысуымызға лайықтасын.
Ж. Аумин.
Егер суға бата беру мен бүрку орындалмаса, Миссаға қысқаша кіріспеден кейін қасиеткер сенушілерді тәубе етуге шақырып, айтады:
Қ. Бауырларым, Киелі Құпиялар өтеуіне қатысуымыз үшін өз күнәларымызды мойындайық.
Қысқа тыныштық сақталады, ал содан соң жамағат сенім сөздерін бірге айтады:
Мен Құдіретті Құдайдың алдында да * және бауырларымның алдында да * ойыммен, сөзіммен, ісіммен * және жақсылықты істемеуіммен * көп күнә жасағанымды мойындаймын.
Өз кеудесін соғып, айтады:
Менің кінәм, * менің кінәм, * менің ұлы кінәм.
Сосын жалғастырады:
Сондықтан Баталы Мәриям Мәңгібикешті, * барлық періштелер мен әулиелерді * сондай-ақ сендерді, бауырларым, * Құдай Тәңірімізге мен үшін дұға қылуын өтінемін.
Қасиеткер жіберілетін дұғасын оқиды:
Қ. Құдіретті Құдай бізге рақым етсін * және күнәларымызды кешіріп, * бізге мәңгілік өмір сыйласын.
Ж. Аумин.
Немесе:
Қасиеткер сенушілерді өкіну рәсімін өтуге шақырады:
Қ. Бауырларым, Киелі Құпиялар өтеуіне қатысу үшін өз күнәларымызды мойындайық.
Уақытша тыныштық орналады. Сосын қасиеткер айтады:
Қ. Бізге рақым ете гөр, уа, Тәңір.
Ж. Өйткені біз Сенің алдында күнә жасадық.
Қ. Бізге мейіріміңді төге гөр, уа, Тәңір.
Ж. Және құтқаруыңды бере гөр.
Қасиеткер жіберілетін дұғасын оқиды:
Қ. Құдіретті Құдай бізге рақым етсін * және күнәларымызды кешіріп, * бізге мәңгілік өмір сыйласын.
Ж. Аумин.
Немесе:
Қасиеткер сенушілерді өкіну рәсімін өтуге шақырады:
Қ. Бауырларым, Киелі Құпияларды өтеуіне қатысу үшін өз күнәларымызды мойындайық.
Уақытша тыныштық орналады.
Сосын қасиеткер, декін (диакон) не басқа қызметші Тәңір, рақым ете гөр дұғасымен келесі немесе басқа сөздерді айтады:
Қ. Шын жүректен өкінетіндерді айықтыруға Жолдаған: Тәңір, рақым ете гөр.
Ж. Тәңір, рақым ете гөр.
Қ. Күнәкарларды шақыруға Келген: Мәсіх, рақым ете гөр.
Ж. Мәсіх, рақым ете гөр.
Қ. Әкенің оң жағында отырып, біз үшін Өтінетін: Тәңір, рақым ете гөр.
Ж. Тәңір, рақым ете гөр.
Қасиеткер жіберілетін дұғасын оқиды:
Қ. Құдіретті Құдай бізге рақым етсін * және күнәларымызды кешіріп, * бізге мәңгілік өмір сыйласын.
Жамағат жауап береді:
Ж. Аумин.
Егер өкіну рәсімінің басқа тәртібінде қолданылатын болмаса, «Тәңір, рақым ете гөр» («Kyrie, eleison») үндеу сөздер айтылады:
Қ. Тәңір, рақым ете гөр.
Ж. Тәңір, рақым ете гөр.
Қ. Мәсіх, рақым ете гөр.
Ж. Мәсіх, рақым ете гөр.
Қ. Тәңір, рақым ете гөр.
Ж. Тәңір, рақым ете гөр.
Сосын, белгілі болса, әнұран жырланады немесе айтылады:
Жоғарыда Құдай мадақталсын, * жер бетінде де ізгі ниетті адамдарға тыныштық болсын. * Сенің зор даңқыңа бола * біз Сені мадақтаймыз, * Сені дәріптейміз, * Саған табынамыз, * Сені қолпаштаймыз, * Саған алғыс айтамыз, * уа, Тәңір Ие, Аспан Патшасы, * уа, Құдай, Құдіретті Әке, * уа, Тәңір, жалғыз туған Ұл, Иса Мәсіх, * уа, Тәңір Ие, Құдай Қозысы, * Әкенің Ұлы, * әлемнің күнәларын Алатын, бізге рақым ете гөр, * әлемнің күнәларын Алатын, дұғамызды қабыл ал, * Әкенің оң жағында Отыратын, бізге рақым ете гөр. * Тек Сен ғана Киелісің, * Сен ғана Тәңірсің, * Сен ғана Құдай Тағаласың, уа, Иса Мәсіх, * Сен де Киелі Рухпен бірге * Құдай Әкенің даңқына ортақтасасың. * Аумин.
Осы әнұран аяқталған соң қасиеткер қусырылған қолдармен айтады:
Қ. Дұға етейік.
Барлық қасиеткермен бірге біраз уақыт тыныштықта дұға етеді. Сосын қасиеткер қолдар жайылып кіріспе дұғасын оқиды, ол аяқталған соң жамағат жауап береді:
Ж. Аумин.