Әке және Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин. Уа, Тәңіріміз Иса Мәсіх! Мен осы қасиетті раушантәжді Сенің атыңды мадақтауына және Аса Пәк Анаңның құрметіне, сондай-ақ жандардың құтқарылуына үшін Саған бағыштаймын.«Сенемін» (Елшілік сенім нышаны) дұғасы оқытылады:Мен Құдайға сенемін: * Ол Құдіретті Әке, * аспан мен жердің Жаратушысы. * Мен Оның жалғыз Ұлы * Иеміз Иса Мәсіхке де сенемін: * Ол Киелі Рух арқылы тәнге айналған,* Мәриям Бикеш арқылы туылған; * Ол Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленіп, өлді де көмілді; * Ол тозаққа түсті; * Ол үшінші күні өлімнен қайта тірілді; * Ол аспанға көтеріліп, * Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында орын алды: * сол жақтан Ол тіріні де, өлгенді де соттауға қайта келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Кілесесіне, * әулиелердің қарым-қатынасуына, * күнәлардың кешірілуіне, * тәннің қайта тірілуіне, * мәңгілік өмірге сенемін. * Аумин.
Ірі моншақта «Тәңірдің дұғасы» оқытылады:Аспандағы Әкеміз!Сенің атың қасиеттелсін;
Патшалығың келсін;
Сенің еркің аспандағыдай жер бетінде де орындалсын;
Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;
Бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,
Біздің қарызымызды да кешіре гөр;
Азғырылуымызға жол бермей,
Бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.
Ұсақ моншақтарда «Періштенің сәлемдесуы» оқытылады:Сәлемет бол, Мәриям, құт-берекеге толы!
Тәңір Сенімен бірге;
Әйелдердің арасында баталысың,
Және құрсағыңның жемісі Иса да баталы.
Әулие Мәриям, Құдай Анасы,
Біз, күнәһарлар үшін,
қазір және өлім сағатымызда дұға ете гөр. Аумин.
Әр ірі моншақта — «Тәңірдің дұғасы» (1 рет), әр ұсақ моншақта — «Періштенің сәлемдесуы» (10 рет)Әр «Періштенің сәлемдесуы» дұғасынан кейін: Әке және Ұл және Киелі Рух басында болғандай, қазір де, әркашан да және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.
- Уа, тұңғыш күнәсіз ұрықталған Мәриям, Саған сүйенетін біз үшін дұға ете гөр.
- Уа, Иса, күнәларымызды кешіре гөр, тозақ отынан сақтай гөр және барлық жандарды мәңгілік қуанышқа бөлей гөр әрі ең қажетсінетіндерге рақымдылық қыла гөр.
Соңында осындай дұға айтылады: Сенің қорғауыңды сұраймыз, уа, Аса Әулие Құдай Анасы, жалынышымызға құлақ сала гөр әрі барлық қауіп-қатерімізден бізді әрқашан сақтай гөр, уа, даңқты да баталы Бикеш. [Уа, Ханшайымыз, Қорғаушымыз, Қолдаушымыз, Сенің Ұлыңмен бізді татуластыра гөр, Ұлыңа бізді сеніп тапсыра гөр, Ұлыңа бізді табыс ете гөр.]
Немесе:Сәлемет бол, Патшайым, Мейірімділіктің Анасы, сәлемет бол, біздің Өміріміз, Қуанышымыз, Үмітіміз. Біз Хауаның қуылған балалары болып, Сені шақырамыз, бұл зарлы аңғарда ыңырап жылап Саған жалбарынамыз. Уа, Қорғаушымыз, бізге мейірімі мол назарың сала гөр және осы құғында жүргенімізден кейін құрсағыңдағы баталы Нәрестені – Исаны – бізге көрсете гөр. Уа, Жуас! Уа, Мейірбан! Уа, сүйікті Мәриям Бикеш!