РАУШАНТӘЖ ДҰҒАСЫ

Әке және Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.

Уа, Тәңіріміз Иса Мәсіх! Мен осы қасиетті раушантәжді Сенің атыңды мадақтауына және Аса Пәк Анаңның құрметіне, сондай-ақ жандардың құтқарылуына үшін Саған бағыштаймын.

«Сенемін» (Елшілік сенім нышаны) дұғасы оқытылады:

Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына сенемін, * және Оның жалғыз Ұлы * Тәңіріміз Иса Мәсіхке сенемін: * Ол Киелі Рухтан ұрықталған, * Мәриям Бикеш арқылы туылған, * Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленді, * өлді және көмілді; * тозаққа түсті; * үшінші күні Ол өлімнен қайта тірілді; * аспанға көтерілді * және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр: * ол жақтан Ол тірілер мен өлілерді соттауға келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Кілесесіне, * әулиелердің қатысуына, * күнәлардың кешірілуіне, * тәннің тірілуіне * және мәңгілік өмірге де сенемін. * Аумин.

Ірі моншақта «Тәңірдің дұғасы» оқытылады:

Аспандағы Әкеміз!
Сенің атың қасиеттелсін;
Патшалығың келсін;
Сенің еркің аспандағыдай жер бетінде де орындалсын;
Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;
Бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,
Біздің қарызымызды да кешіре гөр;
Азғырылуымызға жол бермей,
Бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.

Ұсақ моншақтарда «Періштенің сәлемдесуы» оқытылады:

Сәлемет бол, Мәриям, құт-берекеге толы!
Тәңір Сенімен бірге;
Әйелдердің арасында баталысың,
Және құрсағыңның жемісі Иса да баталы.
Әулие Мәриям, Құдай Анасы,
Біз, күнәһарлар үшін,
қазір және өлім сағатымызда дұға ете гөр. Аумин.

Әр ірі моншақта — «Тәңірдің дұғасы» (1 рет),
әр ұсақ моншақта — «Періштенің сәлемдесуы» (10 рет)
Әр «Періштенің сәлемдесуы» дұғасынан кейін:
Әке және Ұл және Киелі Рух басында болғандай, қазір де, әркашан да және мәңгі де дәріптелсін. Аумин.

  • Уа, тұңғыш күнәсіз ұрықталған Мәриям, Саған сүйенетіндер, біз үшін, дұға ете гөр.
  • Уа, Иса, күнәларымызды кешіре гөр, тозақ отынан сақтай гөр және барлық жандарды мәңгілік қуанышқа бөлей гөр әрі ең қажетсінетіндерге рақымдылық қыла гөр.

Соңында осындай дұға айтылады:
Сенің қорғауыңды сұраймыз, Әулие Құдай Анасы, жалынышымызды елемей гөр әрі барлық қауіп-қатерімізден бізді әрқашан сақтай гөр, даңқты және баталы Бикеш. (Ханшайымыз, Қорғаушымыз, Қолдаушымыз, Жұбатушымыз, Ұлыңмен бізді татуластыра гөр, Ұлыңа бізді табыстай гөр, Ұлыңа бізді тапсыра гөр)

ҚҰДАЙДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫНА ТӘЖ ДҰҒАСЫ

Әке және Ұл және Киелі Рухтың атына. Аумин.

Аспандағы Әкеміз!
Сенің атың қасиеттелсін;
Патшалығың келсін;
Сенің еркің аспандағыдай жер бетінде де орындалсын;
Қажетті нанымызды бүгінге бере гөр;
Бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей,
Біздің қарызымызды да кешіре гөр;
Азғырылуымызға жол бермей,
Бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.

Сәлемет бол, Мәриям, құт-берекеге толы!
Тәңір Сенімен бірге;
Әйелдердің арасында баталысың,
Және құрсағыңның жемісі Иса да баталы.
Әулие Мәриям, Құдай Анасы,
Біз, күнәһарлар үшін,
қазір және өлім сағатымызда дұға ете гөр. Аумин.

Мен Құдайға, * Құдіретті Әкеге, * аспан мен жердің Жаратушысына сенемін, * және Оның жалғыз Ұлы * Тәңіріміз Иса Мәсіхке сенемін: * Ол Киелі Рухтан ұрықталған, * Мәриям Бикеш арқылы туылған, * Понти Пилат тұсында азап шекті, * Ол Айқышқа шегеленді, * өлді және көмілді; * тозаққа түсті; * үшінші күні Ол өлімнен қайта тірілді; * аспанға көтерілді * және Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр: * ол жақтан Ол тірілер мен өлілерді соттауға келеді. * Мен Киелі Рухқа, * Киелі Католик Кілесесіне, * әулиелердің қатысуына, * күнәлардың кешірілуіне, * тәннің тірілуіне * және мәңгілік өмірге де сенемін. * Аумин.

Әр ірі моншақта 1 рет:
Уа, Мәңгі Әке, сүйікті Ұлыңның, біздің Тәңіріміз Иса Мәсіхтің Тәні мен Қанын, Жаны мен Құдайлығын, біздің және бүкіл әлемнің күнәларын кешіруің үшін Саған әкелемін.

Әр ұсақ моншақта (10 рет):
Оның ауыр азабы үшін бізге және бүкіл әлемге рақым ете гөр.

Соңында (3 рет):
Киелі Құдай, Киелі Қуатты, Киелі Өлмес, бізге және бүкіл әлемге рақым ете гөр.
ИСА, ҮМІТТЕНЕМІН САҒАН! (3 рет)